188
Пайғамбарлар тарихы
қалтқысыз жеткізу. Табыстыболып, діттегенмақсатыма
жету Аллаһ тағаланың қалауы мен көмегі арқылы
болмақ. Алайда мен сәт сайын Аллаһқа тәуекел етем,
түбі Соның алдына қайтатыным да хақ. Мен сендерді
күндіз-түні осындайізгілікпенбақытқашақырып, барша
күш-қуатымды осы жолда сарқудамын. Алайда осы
үшін сендерден ешбір ақы да, пайда да талап етпеймін.
Өйткені менің ақымды тек Аллаһ тағала өзі береді. Уа,
халқым! Сендер тәубаға келіп, туралыққа жүгінгенше,
күйзелген көңілім, сыздаған жүрегім байыз таппақ емес.
Сендердің күн сайын кері кетіп бара жатқандарыңды
байқап, Нұх, Һұд, Салих елдерінің басына келген
нәубет сендердің де бастарыңа келе ме деп ойлағанда
көкірегім қарс айырылып, жанымның жарасы асқына
түсуде. Әсіресе Лұт елінің тағдыры өздеріңе жақсы
таныс. Олардың бастарына келген пәлекетті өте жақсы
білесіңдер. Олай болса күні ертең-ақ мәңгібақи опынып
опық жеп қалмай, әлі де күн ұясына батпай тұрғанда, ес
жиып, тәубаға, иманға келіңдер. Жаратқанның рақымы
шексіз. Күнәларың теңіздің көбігіндей болса да, қол
жайып, Одан кешірім тілейтін болсаңдар, кешірімге ие
болып, мәңгілік табысқа жетесіңдер»
254
.
Әйтсе де оған ешқайсысы көне қойған жоқ. Қайта
қоқиланып: «Ей, Шұғайып! Сен не деп шатып тұрсың?
Қай-қайдағыны айтып біздің басымызды қатыра берме.
Әттең, осы елде беделі үстем ағайын-туыстарың
болмағанда, біз сені баяғыда таспен атқылап өлтіріп,
құлағымызға тыныштық орнар еді»
255
, – деп, оны
қорқытуға көшті. Хазірет Шұғайып олардың сөзіне
тағы да жауап тапты. «Мен сендерге ұлы Жаратқанға
254
«Һұд» сүресі, 88-90
255
«Һұд» сүресі, 91