189
Шұғайып пайғамбар (а.с.)
ғана арқа сүйеп, Оған тәуекел еттім десем, сендер
маған «беделі үстем ағайының болмаса» деп, Хақ
тағаланы елең ғұрлы көрмей, қорқытпақ боласыңдар.
Уа, халқым! Мынаны жадыларыңнан шығарушы
болмаңдар! Құдіреті күшті Құдай тағала сендердің
жасаған һәм жасамаққа ниеттенген барша істеріңді
тегіс біледі. Ол жеті қабат жер астындағы тықыр еткен
дыбысты да естиді»
256
, – деп дауыстайды.
Шұғайыпты райынан қайтара алмаған ел билеу-
шілері ендігі жерде басқа тәсілге көшті. Онымен кездес-
пекке ниеттенген адамдардыңжолынкесіп, «оған сенген
адамдар дуаланып, бақытсыздыққа ұшырайды»
257
деп,
ел арасында пайғамбарға қарсы үгіт жүргізді. Осыны
білген хақ пайғамбар оларға: «Уа, халқым! Өздеріңнің
ғана емес өзгелердің де жолдарын кесе бастадыңдар ма?
Ерікті жанды еркінен айырып, хақ жолға келуге бөгет
жасамаңдар. Сендер неге Жаратқаннан қашасыңдар?
Бұрын сендер кім едіңдер? Ат төбеліндей ғана ел
едіңдер. Ал қазір етегін кеңге жайған елге айналып,
ен дәулетке кенелдіңдер. Амал нешік? Араларыңнан
біреуің иман келтірсең, енді біреулерің туралықтан
безсеңдер, онда Аллаһ араларыңа үкімжібергенге дейін,
сабыр сақтай тұрыңдар», – деді. Осы кезде намысы
қозып, ашу ызаға булыққан ел ағалары: «Ей, Шұғайып
жетер енді! «Бір елі ауызға екі елі қақпақ». Күннен
күнге басынып шектен шығып барасың. Дереу өзіңе
иман келтірген бейшараларыңды жина да бұл елден
табаныңды жалтырат! Егер тентіреп, босып кеткілерің
келмесе, есіңді жиып дінімізге кір» деп қаһар төкті.
Әйтсе де олардың қоқан-лоқы жасағанына зәредей сес-
256
«Һұд» сүресі, 92
257
«Ағраф» сүресі, 90