Previous Page  187 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 187 / 352 Next Page
Page Background

187

Шұғайып пайғамбар (а.с.)

бала-шағасын да құтқара алмайтындықтарын ескертіп

айтты.

Алайдамәдияндықтарға, әсіресе, олардың басшыла-

ры мен байларына пайғамбардың бұл сөздері ұнамады.

Олар дереу: «Ей, Шұғайып! Сонда сен жылдар, тіпті

ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ата-бабала-

рымыздан аманат боп қалған осы әдет-ғұрыптардыжәне

олардың діндерін аяқ асты етіп, бет бұруымызды қалап

отырсың ба? Һәм сауданың негізі мен мақсаты қандай

жолмен болсын баю, пайда табу. Біз біреуді алдап, енді

біреуден тартып алып, кейде кем тарту арқылы осын-

дай өркениетті де ауқатты қоғам құрдық. Байлығымыз

бен мансабымызды төрткүл дүние танып, шартараптан

бізге күнде ағылып сауда керуендері келуде. Ендеше,

сен бізге бұдан өзге қандай бақытты ұсынбақсың. Бізді

осының бәрінен бас тартсын деп кім айтты? Әлде саған

осылай ой салған намаз ба? Былай қарасаң ақылды, па-

расатты тәп-тәуір-ақ жансың», – деді.

Хақ пайғамбар халық арасында аса парасатты

да, өресі биік өр тұлғалы, намаз оқитын адам ретінде

танылған. Осыны білген ел билеушілері оның намаз

оқығаны мен пайғамбарлығын әжуалап, кекетіп-

мұқатып мазақ еткен еді. Алайда сөзге шешен хазірет

Шұғайып үшін олардың сөзіне төтеп беру тымжеңіл еді.

«Уа, елім! Мен не айтсам да айқын дәлел мен мұғжизаға

сүйеніп айтам. Мен тек Раббымның уахиымен және ая-

нымен ғана сөйлеймін. Маған Раббым аса ғажап, адал

ризық нәсіп етті. Сондай-ақ маған пайғамбарлық міндет

берді. Ендеше мен сендерді Хақ тағалаға серік қосудан,

адамдардың ақысын жеуден, бүлік шығарудан тыйып,

тәухидке, таразыдан жемеуге шақырамын. Менің мін-

детімшамамның жеткенінше тәблиғ етіп, сендерге дінді