183
Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар
құлайтының хақ. Ақиқат дүние ол – ақырет әлемі.
Бірақ пенде сол жалғанның қызығына алданса да,
пайғамбарлар әсте алданбақ емес. Сондықтан сол әке
мен баланың осыншама көрген бейнеті де одан кейін-
гі зейнеті де олардың пайғамбарлық уазипаларына
қатысты. Демек Жаратқанның жазғанына қарай Мысыр
халқын имандылыққа шақыру үшін хазірет Жүсіптің
қараңғы құдыққа тасталып, оның артынан болмашы
ақшаға құлдыққа сатылып, одан кейін зынданға түсуі
қажет болды. Ол сол зынданда жатып жылдар бойы
елдің бұзақылары мен жаза басып жазықсыз түскен
бейбақ жандарға имандылықты үйретті. Одан соң уәзір
болып елдің ақсүйектерін имандылыққа жетеледі. Бүкіл
Мысыр елі тұрмақ бір адамның иманға келуі үшін осын-
дай бейнет көруі тиіс болса, олар осыған да дән риза
болар еді. Иә, көп ұзамай уазипасы аяқталған кезде
шамамен жиырма төрт жылдан кейін хазірет Жақып
ақтық демі үзілуге таяғанда, балаларын шақырып
алып: «Перзенттерім! Менен кейін кімге құлшылық
қыласыңдар?», – деп сұрады. Олар: «Сенің Құдайыңа,
аталарыңның Құдайына: Исмайыл, Ысқақтың жалғыз
Құдайына құлшылық қыламыз» десті. Хазірет Жақып
бұрын екі рет сөз алып, олар уағдаларын орындамаған
еді. Олар әкелерінің алдында екі рет берген уәдеде
тұрмай, жерге қараған еді. Сондықтан олар бұдан кейін
берген уағдаларына өте сақтықпен қарап, пайғамбарға
берген серттің қандай екендігін аңғаратын болды. Көп
ұзамай хазірет Жақып қайтыс болып, әкесі Ысқақтың
Шам жақтағы қабірінің қасына жерленді.
Жылдар зулап өтіп, күндердің бір күні хазіретЖүсіп
пайғамбардың да уазипасы аяқталып, әкесіне келген
ажал мұның да есігін қақты. Ол қос қолын жайып: