178
Пайғамбарлар тарихы
иесі»
241
,
–
дейді. Әйтсе де ол баласы Жүсіптен кейін
Бунияминді де жоғалтып алғанына қайғырып «Қайран
Жүсібім, оның ізінен кеткен кенже балам Буниямин!»
деп көз жасын көлдетті. Жылай-жылай көздеріне ақ
түсіп, жанары су қараңғы болды. Тоғыз ұлы әкесінің
көз жасын көруге дәті шыдай алмай, ақырында: «Әке,
Жүсіпті жоқтай-жоқтай күйіктен өртеніп өлетін
болдыңыз. Неге өзіңізді осынша қинай бересіз?» дейді.
Хазірет Жақып сонда:
«Мен күйзелісімді де, күйінішімді
де, Аллаһқа ғана шағамын. Әрі Аллаһтан сендер білме-
ген нәрсені білемін»
242
,
–
деп жауап береді. Көп өтпей
хазірет Жақып тоғыз ұлын тағы шақырып алып: «Дереу
қайтадан Мысырға барыңдар да, Жүсіп пен Буниямин-
ді іздеңдер. Әсте Аллаһ тағаладан үміттеріңді үзбеңдер.
Аллаһтан кәпірлер ғана үміт үзеді», – деп, балаларын
Мысыр еліне аттандырады. Олар қазынаның бастығы
Жүсіп пайғамбарға барып: «Ей, әзиз кісі! Біз отбасымыз-
бен бірге ашаршылыққа ұшырадық. Оған Бунияминнің
қайғысы қосылғанда, бізде де, әкемізде де төзім
қалмады. Әкеміз жылай-жылай көзіне ақ түсіп, жанары
суалды. Һәм астық алу үшін саған болмашы дүние ғана
алып келдік. «Жақсылықтың қырқына шыдағанда,
қырық біріне шыдамайсың ба? Сен бізге бұрынғыдай
толық өлшеп бер. Бунияминді де бізге қайтарып бер.
Сол арқылы жақсылық үстіне жақсылық істе. Сонда
істерің босқа кетпейді. Аллаһ өз разылығы үшін
жақсылық жасағандарды еселеп қайтарады», – дейді.
Хазірет Жүсіп олардың уайымға батып, жасаған істері-
не әбден пұшайман халдерін көріп іштей жаны ашыды
да, тағында отырған бойы: «Сендер Жүсіп пен оның ба-
241
«Жүсіп» сүресі, 83
242
«Жүсіп» сүресі, 86