Previous Page  180 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 180 / 352 Next Page
Page Background

180

Пайғамбарлар тарихы

ойлап мазалары әбден қашты. Бір күні төзімдері әбден

таусылған олар дастарқан басында: «Жүсіп! Сен бізге

түк болмағандай ізгілік жасап жүрсің. Ал біз сенің

алдыңда кірерге тесік таппай ұяттан өлер болдық»

дейді. Жүсіп пайғамбар болса: «Жо-жоқ, қайта сендерге

рақмет. Бір кездері қазына бастығы болған кезімде

Мысыр халқы «Ой, тоба! Болмашы жиырма дирхамға

сатылған бір құл қалайша бірден мынадай мәртебеге

жетті. Қарадан шығып хан болмас», – деп әңгіме етуші

еді. Ал қазір сендер арқылы үлкен абыройға кенелдім.

Халық алдында мерейім үстем болды. Өйткені олар

мені сендердің бауырларың екенін білу арқылы менің

де Ибраһим атамның ұрпағы екенімді білді. Бұл күнде

олар: «Е, бәсе, осылай болуы тиіс еді ғой. «Жақсыдан

жақсы туар жарқылдаған» деген осы. Әр нәрсе өзінің

тегіне тартады» деп қуанысып жүр. Осының бәрі

сендердің арқаларыңда болды», – дейді.

Көп кешікпей Жүсіп пайғамбардың (а.с.) ағалары

әкелерінен сүйінші сұрамақ болып жолға шықты.

Хазірет Жүсіп сол сәт оларға өзі киіп жүрген көйлегін

беріп, оны әкесінің көзіне сүртсе, суалған көздері шы-

радай жанатынын айтты. Әкесінің көзі ашылған бетте,

дереу Мысырға алып келулерін тапсырды. Хазірет

Жүсіптің көйлегін жүзіне тигізу арқылы көзінің шипа

табуы оның мұғжизасы еді. Әйтсе де әр пайғамбардың

мұғжизасының астарында сөзсіз ғылымның негізі бар.

Өткен жылдары бір мұсылман дәрігер осы мұғжизаға

қатты таңырқап: «Не үшін көйлек, онда қандай қасиет

болуы мүмкін?» – деп зерттейді. Ақырында, адамның

көйлекке сіңген тер иісін алып дәрі жасап «катаракт»

секілді науқаспен көрмей қалған жанарды емдеген-

де, расында шипа беріп, көзі көре бастайды.

Жалпы