177
Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар
інілерінің айтқанынан шыға алмай, солардың жоспары
бойынша әкелерінің көңілін өздеріне бұрмақ болып еді.
Қайта бұрынғы сүйіспеншілігіне зар болды. Әкесі сол
інісі жоғалғалы, көз жасын төгіп қайғырумен келеді.
Інілерінің сонша санасыздығын қара! Олар ағасына
«әкемізге қасқыр жеді» деп айтамыз деп көндірді.
Ақырында, сол айтқанын істеп көйлегіне малдың қанын
жағып ұялмай әкелеріне «балаңызды қасқыр жеп кетіп-
ті» деп айтты. Бір адамды қасқыр таласа, одан тым
құрыса бір сүйегі қалмай ма? Қанға боялған көйлектің
жырым-жырымышықпайма? Көйлегінжыртпайжейтін
ол қандай қасқыр сонда? Қарапайым адам да аңғара
алатын нәрсеге бір пайғамбар сене салады деп ойлағаны
ма? Енді, міне, Бунияминді де ант-су ішіп алып шығып
едік, одан да айырылдық. Бүйтіп пайғамбар әкемізді
алдап күн кешкенше қара жерді құшқан әлдеқайда
артық. Жылдар бойы өзегіме түскен осы бір жегі құрт
енді бүгін өңешімді тесіп шықты-ау. Бұдан былай жа-
ратушы Жаппар Иенің жарлығын күтуден басқа шара
қалмады. Тәубе етіп адам боламын ба, әлде жер құшып
қор боламын ба, ендігісін бір Аллаһ қана біледі.
Ол осылайша терең ойға батып, еліне қарайжылжып
бара жатқан керуенге бір, Мысыр қақпасына бір қарап
сілейіп ұзақ тұрды.
Суыт хабарды естіген хазірет Жақып қайғы үстіне
қайғы жамады. Олардың сөздеріне де сене қоймады.
Оның үстіне мысырлықтар өзінің әкелген шариғаты
бойынша амал еткендеріне де көзі жетпеді.
«Олай
емес. Сендерді нәпсілерің бір іске қызықтырған екен.
Енді маған сабыр сақтау керек. Бәлкім Аллаһ олардың
бәрін келтірер. Өйткені Ол – толық білуші, хикмет