

172
Пайғамбарлар тарихы
көздеріне қараған болатын. Бәрінің де жандары жады-
рап, көз алдында құбыжыққа айналып бара жатқандай
еді. Тек өзгелерден оқшау тұрған үлкен ағасы Яһуда
ғана ұзақтан бұған қимастық танытып: «Амалым не,
қолдан келер қайран жоқ. Қолымнан бар келгені сені
өлімнен аман алып қалу ғана», – дегендей ойлы көзін
бұған қадап тұрып қалған болатын. Міне, сол ағалары
енді алдына келіп құрақ ұшып көмек сұрап тұр. Де-
генмен ағаның аты қашанда аға ғой. Сүрінбейтін тұяқ,
қателеспейтін жақ жоқ. Бұлар көйлегін шешіп алса,
Зылиха да кезінде көйлегін жыртқан болатын. Сол
Зылиха қазір мүлдем басқаша жаны таза әйел болды.
Хақ тағала сабырлық нәсіп етсе, күндердің күнінде
кінәларын мойындайтын күн келеді.
Хазірет Жүсіп оларға мол дастарқан жайып күтті.
Қайтарда өзі шығарып салып: «Қайта келер кездеріңде
әлгі інілеріңді де ала келіңдер. Оған да жеке бір үлес
берейін. Егер алып келмейтін болсаңдар, онда сендерге
көмектесе алмаймын. Айшылық жерден ат терлетіп
текке әуре болмаңдар», – деп сөзін қадап айтты. Олар
бірден жауап бере алмай күмілжіп: «Біз оны әкесінен
сұрап көрейік. Сізге оны қалай да алып келудің жолда-
рын қарастырамыз»
238
, – деп жүріп кетеді. Жүсіп олар
Бунияминді ертіп келуге әкемізді көндіре алмай жүрер
деп ойлап, білдіртпей астық үшін берген ақшаларын
қоржындарына қайта салып жіберді.
Он ағасы әкелеріне үлкен қуанышпен оралды.
Олар Мысырдағы көргендерін әкелеріне түгелдей жыр
ғып айтты. Қазына бастығының мейірімді жан екенін,
өздерін қадірлі қонақ етіп аттанарда өзі шығарып
салғанын, тіпті Бунияминді де көргісі келіп, оны келесі
238
«Жүсіп» сүресі, 61