170
Пайғамбарлар тарихы
парасатты адам болатын. Ол хазірет Жүсіптің түс жо-
руына қарап ілімі терең адам екендігін біліп, түсті тағы
бір мәрте өз көзімен жорытып көрген соң: «Айтқаның
жөн екен. Бірақ осы істерді кім атқарады?» – дейді.
Хазірет Жүсіп: «Мені мемлекеттің қазына бастығы қыл.
Өйткені мен оны басқаруды жақсы білемін», – дейді.
Патша оның сөзіне ризалық білдіріп, қазынаның мем-
лекеттік мөрін табыс етті.
Жүсіп (а.с.) мойнына алған іске дереу кірісіп кетті.
Әр жылғы бастамашыл ісіне халық дән риза болды. Хақ
пайғамбар көп жерлерге егін ектіріп, алынған өнімді
арнайы қаздырған жертөлелерге көмдірді. Сегізін-
ші жылы сол аймақта жаппай қуаңшылық басталды.
Өзге елдер қуаңшылықтың зардабын тартып жатқанда,
Мысыр елі молшылықта ғұмыр кешті. Халық арасында
бидай түгесілген кезде хазірет Жүсіп қамбадағы бидай-
ды соларға таратып аштан қырылудың алдын алды.
Бұл кезде Шам мен Кәнған жерінде де қуаңшылық
белең алған болатын. Сол елдің халқы Мысыр елінің
аш халыққа бидай таратып жатқанын есітіп, осылай
қарай алақан жайып ағылды. Жақып (а.с.) та ұлдарын
астық сұрауға Мысырға жіберді.
Он ағасы астық сұрап алдына келгенде, хазірет
Жүсіп оларды бір көргеннен-ақ жазбай таныды. Әйтсе
де олар інілерін танымаған еді. Бір кездері құдыққа
тастап, құлдыққа сатылған жас баланың бүгін Мысыр
елінің уәзірі болады деген ой олардың үш ұйықтаса
түсіне де кірмеген еді. Хазірет Жүсіп оларды көрген
кезде баяғы балалық шағы, олардан көрген қорлығы
есіне түсті. Жүрегінде әкесіне, жалғыз інісі Буниямин-
ге деген сағыныш қасіреті асқынып терең ойға батты.
Оларға қарап: «Басқа бауырларың, әке-шешелелерің де