Previous Page  173 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 173 / 352 Next Page
Page Background

173

Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар

жолы міндетті түрде алып келулерін сұрағандарын

айтты. Хазірет Жақып: «Бұрын сендерге Жүсіпті

қалай аманат етіп бергенімді жақсы білесіңдер. Сендер

сол кезде ант-су ішіп едіңдер. Бірақ соның ақыры не

болды? Алда-жалда Бунияминді жіберген күнде де оны

сендерге емес, бір Аллаһ тағалаға ғана аманат етемін»,

– дейді. Олар жамырап: «Уайымдайтын түк те жоқ.

Ол өзі бір өте сенімді адам. Қарасаңызшы, астықтың

ақысын да қайтарып жіберіпті. Осындай ізгі жанның

інімізге залалын тигізуі әсте мүмкін емес. Әрі оны

алып баратын болсақ, бір түйе астықты артығымен бе-

ремін деп отыр. Егер ол көмектеспесе, мына жұттан

құтылуымыз екіталай», – дейді. Ақырында әкелері

амалсыз келісімін береді. Он ағасы бұл жолы жүрек

жарды сөздерін айтып, шамалары келгенінше бауырла-

ры Бунияминді қорғауға уағда етеді. Оларды шығарып

салып тұрған хазіретЖақып: «Балаларым! Мысыр еліне

барғанда бәрің бір бір қақпадан кіруші болмаңдар. Әр

түрлі қақпалардан бөлініп-бөлініп кіріңдер. Әйтсе де

жазмыштан озмыш жоқ. Хақ тағаланың пешенелеріңе

жазғанын көрерсіңдер. Мен Аллаһқа ғана тәуекел етіп,

арқа сүйедім»

239

, – деп өсиетін айтады.

Олар әкелерінің айтқанын екі етпей Мысырдың әр

түрлі қақпаларынан кіріп, Жүсіпке (а.с.) барады. Аман-

саулықтан соң олар кіші інісі Бунияминді көрсетіп

«Міне, біздің ең кішкене ініміз. Өзіңіз қыстап қолқа

салған соң, әкемізді көндіріп алып келдік», – дейді.

Хазірет Жүсіп өз інісін көріп іштей қатты қуанады.

Алайда ол осы қуанышын ағаларына сездірмейді.

Хазірет Жүсіп оларды естерінен кетпестей қонақ

қылып, астан соң бір бөлмеге екі кісіден орналастырды.

239

«Жүсіп» сүресі, 67