174
Пайғамбарлар тарихы
Осы кезде Буниямин жалғыз қалды. Жүсіп пайғамбар
оларға: «Бұл жалғыз қалды. Ендеше менімен бірге
тұрсын», – деп өзімен бірге ертіп кетеді. Ол кіші інісімен
жеке қалған соң, оған: «Қайтыс болған ағаңның орнына
мен саған аға болғым келеді? Осыған қалай қарайсың?»,
– дейді. Буниямин: «Өмірде сендей адамға іні болудан
асқан бақыт бар ма? Бірақ сен әкем мен шешемнен
туған бауырым емессің ғой», – деп жауап береді. Осы
кезде төзімі таусылған хазірет Жүсіп оны бауырына
басып: «Сол бір туған ағаң, міне, қарсы алдыңда тұрған
жоқ па? Сендерден қол үзгелі, міне, бірталай жыл өтті.
Өздеріңді бір көруді зарыға аңсап келген Жүсіп деген
ағаң мен боламын. Өткен өтті. Жүрегімде ағаларыма
деген титтей де кек жоқ. Бірақ сен мен туралы ешкім-
ге тіс жарып ештеңе айтушы болма», – дейді. Буния-
мин сонда ғана оның өз ағасы екенін көзінен танып,
қуанғаннан балаша секіреді. Жүсіп пайғамбар оған
өзінің құдыққа тасталғанынан бастап осы күнге дейінгі
бастан кешкен оқиғаларын түгел әңгімелейді. Аздан соң
хазірет Жүсіп: «Мен сені әйтеуір бірдеңені сылтау етіп
өзіммен бірге алып қаламын. Саспа! Иншаллаһ, бәрі
де жақсы болады», – деп ішкі жоспарын оған жайып
салды.
Күндер зулап өтіп, ағаларының қайтатын мезгілі
жетті. Сол кезде Жүсіп Бунияминнің қоржынына өзінің
тиесілі күміс кесесін салып қояды. Он бір кісілік керуен
жаймен жылжып жолға шығады. Қаладан шығып бара
жатқанда, арттарынан хазірет Жүсіптің шабармандары
қуыпжетіп:«Уа,керуен!Тоқтаңдар.Қазынабастығының
ғажайып күміс кесесі бар еді. Сол жоғалды. Сендер
алған болуларың мүмкін. Қане, жүктеріңді тексеріп
көрелік», – дейді. Олар шын пейілдерімен: «Жо-жоқ, біз