Previous Page  167 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 352 Next Page
Page Background

167

Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар

ма? Әлде әр нәрсеге өктем жалғыз Аллаһ жақсы ма?

Сендердің де, аталарыңның да табынып келгені ойдан

шығарылған негізсіз сенімдер. Аллаһ оларға табынуға

қатысты ешбір дәлел түсірмеген. Үкім Аллаһ тағалаға

тән. Ол өзіне ғана құлшылық жасауды бұйырған. Міне,

тура дін – осы. Бірақ адамдардың көбі білмейді»

235

, –

деп көп ақиқаттың бетін ашады.

Аздан соң Хақ пайғамбар екі жас жігіттің көрген

түсін жорып: «Уа, менің зындандас жолдастарым!

Араларыңдағы патшаның шарапшысы болған жігіт

әрі қарай қызметін жалғастырады. Екінші жігіт болса,

дарға асылып, басына құстар үймелейді. Екі түстің мәні

осылай» деп сөзін аяқтайды.

Күндер зулап өтіп жатты. Бір күні екі жігіт зын-

даннан шығарылады. Сонда хазірет Жүсіп өзі «аман

қалады» деген жігітке қарап: «Сенімен бірге біраз

жолдас болдық. Жағдайымның қандай екенін жақсы

білесің. Реті келгенде, мен туралы патшаға айтып

түсіндір. Кінәсіз болсам да, зынданға тасталдым. Әрі

жазықсыз жапа шегіп жатқаныма көп болды», – дейді.

Екі жігіт зынданнан шыққан соң, Жүсіптің айтқаны

айдай келіп, шарапшы ақталып, наубайшы дарға

асылып, басына құстар үймеледі. Ал ақталған жігіт

өзінің бұрынғы жұмысына қайта оралды. Бірақ ол

патшаға Жүсіп пайғамбар туралы айтпады. Өйткені

шайтан оны ұмыттырып жіберген болатын. Кейбір де-

ректе сол жас жігітпен бірге зынданда бес жыл жатқаны

айтылса, тағы бір деректе одан кейін жеті жыл жатқаны

жазылған.

Жүйріктей жүйіткіп жеті жыл да өтті. Күндердің

бір күнінде патша түс көреді. Ол түсін уәзірлеріне

235

«Жүсіп» сүресі, 39-40