Previous Page  164 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 164 / 352 Next Page
Page Background

164

Пайғамбарлар тарихы

да сенің кінәсіз екендігің анықталды. «Бас жарылса,

бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деген. Әңгіме өз

арамызда қалсын», – деді. Аздан соң арам ниетінің іске

аспағанына әрі күйеуі мен ағасына ұсталып масқара

болғанына іштей ызаланып күйіп тұрған қарындасына

қарап: «Сен де тәубе етіп, жарылқау тіле! Сен нәпсіңе

беріліп жан түршігерлік қателік жасадың» дейді.

Әйтсе де олар осы оқиғаны қанша жасырғанмен,

бұл қауесет ел ішіне түгел тарап кетті. «Отыз тістен

шыққан сөз отыз рулы елге тарайдының» кері келді.

Ақсүйек әйелдер өз араларында «Ұят-ай! Пәленшенің

әйелі үйіндегі құлымен көңіл жарастырмақ болып,

күйеуіне ұсталып қалыпты. Соры қайнаған деген

осы», – деп өсектеді. Осыны естіген Зылиха бір күні

сол әйелдерді үйіне қонаққа шақырды. Оларға мол

дастарқан жайды. Астан соң арнайы жеміс-жидек

толтырылған ыдыстарды алдарына қойып, қолдарына

бір-бір алмастай өткір пышақ ұстатты. Олар пышақпен

жемісті кесіпжатқанда, ЗылихаЖүсіпкедауыстап: «Бері

кел!» – деді. Алдын-ала оны әсем киім кидіріп қойған

болатын. Ол залға шығып әйелдердің қастарына өтіп,

төрдегі Зылихаға жақындай бере, оны көрген ақсүйек

әйелдер естерінен танды. Жемістің қабығын кесудің

орнына қолдарын кесе бастады. Тіпті қолдарынан қан

аққанын да сезбеді. Ауыздарын ашып, Жүсіпке қарап

сілейіп отырды да қалды. «Ой, Алла! Мынау адам

емес, нағыз періштенің өзі ғой!» десті». Сол кезде

Зылиха «Мен туралы өсек айтуларыңа себеп болған

жігіт – осы. Сендер бір көргеннен-ақ естеріңнен танып,

қолдарыңды кескендеріңді сезбей қалдыңдар. Ал мен

болсам, онымен бір шаңырақ астында тұрып жатыр-

мын. Бір-бірімізді күнде көреміз. Сол себепті онымен