Previous Page  159 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 352 Next Page
Page Background

159

Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар

Жақып (а.с.) он ұлының тілегін қабыл алмайын

десе, олардың ренжитін түрі бар. Мақұл дейін десе,

түндегі көрген түсі тағы бар. ТүсіндеЖүсіпті бір қасқыр

қуалап жүрген еді. «Былай тартса арба сынады, былай

тартса өгіз өледі». Қатты ойланып тұрды да:

«Расын-

да, оны алып кетсеңдер, мен қатты уайымдаймын.

Әрі сендер оған жақсы қарай алмай, қасқыр жеп кете

ме деп қорқамын»

224

,

дейді. Сол кезде он баласы да:

«Әкетай! Бір інімізге қарай алмайтындай бізге сонша

не күн туыпты? Онымыз он жерде қаққан қазықтай ті-

кемізден тік тұрып қорғасақ, ардақты інімізді қасқыр

қалай тартып әкетсін? Бізді осыншама жігерсіз, деп ой-

лайсыз ба? Бір інімізге ие бола алмасақ, онда, өз обалы-

мыз өзімізге»

225

дейді.

Он баласының мынадай сөздерінен кейін Жүсіп

пайғамбар тіс жарып ештеңе айта алмай, оларға рұқсат

береді

226

.

Көп ұзамай Жүсіп пайғамбардың балалары тауға

қарай бет алды. Олар Жүсіпті торға түскен торғай

ғұрлы көрмей жол бойындағы бір құдықтың басына

дедектетіп ертіп келді. Іле ай-шайға қаратпай Жүсіптің

көйлегін сыпырып, өзін жіпке байлап құдыққа түсіреді

де, тереңге жетті-ау дегенде, жіптің ұшын қоя береді.

Сол кезде Жүсіп бір тастан ұстап суға түспей қалды.

Осы сәтте хазірет Жәбірейіл Хақтан уахи әкеліп:

«Уайымдама! Әлбетте, сен азаттыққа жетіп олардың

осы істеген жөнсіздіктерін беттеріне басып, оларды

224

«Жүсіп», сүресі, 13

225

«Жүсіп», сүресі, 14

226

Сабуни, Нубууә, 332-бет