Previous Page  158 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 352 Next Page
Page Background

158

Пайғамбарлар тарихы

қосып ақылдасты: «Біздің жасымыз Жүсіпке қарағанда

әлдеқайда үлкен. Әрі әкеміздің істерін түгел өзіміз

атқарамыз. Ендеше, әкеміз бізді жақсы көрудің орнына

түкке тұрмайтын Жүсіп пен оның інісін жақсы көргені

несі? Бұл жерде әкеміз қатты қателесіп отыр»

221

, – дейді.

Ақылдаса келе ағаларының біреуі: «Жүсіпті иен далаға

апарып өлтіре салайық. Болмаса адам аяғы баспаған бір

жерге тастап кетейік. Елсіз жерде адасып өлсе кім білер

дейсің? Сонда ғана әкеміз бізге мол сүйіспеншілікпен

қарайтын болады. Азар болса адам өлтіргеніміз үшін,

артынан тәуба етерміз»

222

, – дейді. Оның осы пікірін сол

жерде отырған бауырлары тегіс қолдайды. Тек үлкен

ағалары Яһуда ғана қарсылық танытып: «Жо-жоқ!

Жүсіпті өлтірмеңдер! Өйткені кісі өлтіру – үлкен күнә.

Оның жазасы да өте ауыр. Егер Жүсіптен біржолата

құтылғыларың келіп бара жатса, онда оны пәлен деген

құдыққа тастаңдар. Сол жерден керуендер өтеді. Олар

Жүсіпті құдықтан шығарып қана қоймай өздерімен

бірге алысқа алып кетері хақ»

223

, – дейді.

Соңында барлығы осы пікірді қолдап, білектерін

сыбанып іске кіріспекші болады. Өйткені Яһуда ел

ішінде өте ақылды жігіт саналатын.

Жақып пайғамбар он ұлынан Жүсіпке бір пәленің

келетінін іштей сезіп жүретін. Сол себепті баласына

өте сақтықпен қарайтын. Бір күні сол он баласы алдына

келіп: «Әкешім! Біз бәріміз тауға барып сейілдеп, көңіл

көтергіміз келіп тұр. Жүсіпті де ертіп алсақ жақсы болар

еді. Ол біздің бауырымыз ғой! Ойын-сауық құрып бір

жадырап қайтайық», – деп қолқа салады.

221

«Жүсіп» сүресі, 8

222

«Жүсіп» сүресі, 9

223

«Жүсіп» сүресі, 10