157
Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар
Бір күні Жүсіп қызық та ғажап бір түс көрді.
Таңертең сол түсін әкесіне:
«Әкешім! Бүгін мен бір
түс көрдім, түсімде ғажап іс көрдім. Он бір жұлдыз
және ай мен күн маған сәжде етіп тұр екен»
218
, –
дейді. Жүсіп пайғамбар баласының мына түсінің тегін
түс емес, Аллаһтан келген аян екенін біліп, баласына:
«Айналайын балам! Көрген түсің расында ғажап екен.
Бірақ бұл түсіңді ағаларыңа айтушы болма! Әйтпесе
қызғаныштан саған қастандық жасауы мүмкін. Өйткені
шайтан – адамның анық дұшпаны. Раббың сені түсіңде
көргеніңдей құлдары арасынан таңдап пайғамбар етеді.
Мерейіңді үстем қылады.
«Түс жору (немесе қасиетті
кітаптардың сырлары жайында) ілімін береді.
Бұрынғы аталарың Ибраһим, Ысқақтарға нығметін
бұйырғандай, саған және Жақып ұрпағына нығметін
толықтырады. Шәксіз, Раббың толық білуші, хикмет
иесі»
219
,
–
дейді. Жақып пайғамбар он бір жұлдызды
он бір ұлы, айды әйелі, күнді өзі деп жорамалдап,
баласының бәрінен де мерейі үстем болатынын
аңғарған еді. Жақып пайғамбардың кезінде халық ара-
сында түс жору ілімі кең дамыған болатын. Сондықтан
баласының көрген түсін ағалары естісе, астарын дереу
біліп қоятын еді. Осыны сезген хазірет Жақып баласы-
на түсін жасыруды айтқан-ды
220
.
Жақыптың (а.с.) он баласы осы түсті сезіп
қойғандай-ақ
соңғы
күндері
Жүсіпке
деген
қызғаныштары қатты қозады. Тіпті Буниямин екеуін
басқа анадан туғандықтан, өз бауырлары санамай,
мүлдем сыртқа қағатынды шығарды. Бір күні олар бас
218
«Жүсіп» сүресі, 4
219
«Жүсіп» сүресі, 5-6
220
Сабуни, Нубууә. 329-бет