153
Әйюб пайғамбар (а.с.)
Бұл кездері шайтан да қарап қалмады. Мың түрлі
айламен оны, азғыруға тырысты. Ібіліс оған: «Сен іл-
геріде төрт түлігің сай, төрт құбылаң түгел, бала-шағаң
көп, дүниесінің есебін білмейтін осы аймақтың атақты
байы едің. Енді жатқан жатысың мынау. Байлық тұрмақ
дені-басың да сау емес», – дейді. Сонда хазірет Әйюб:
«Олардың иесі мен емес жаратқан Раббым ғой. Ол өзі
берді, өзі алды. Ол өз мүлкін қайда қоям, қайда берем
десе өз еркінде. Біз Оны емес, Ол бізді сынайды», – деп
жауап береді. Ол Аллаһ тағалаға сиынып:
«Раббым!
Рас мені шайтан бейнет пен қинауға ұшыратты»
212
,
– деп жалбарынды.
Әйюб пайғамбардың дұғасы
Хақ пайғамбардың науқастанып жатқанына көп
жылдар болды. Бағзы деректерде оның он үш яки он
сегіз жыл науқастанғаны айтылады. Осы дерт бір күні
қатты асқынып жүрегі мен тіліне шапты. Ол ауру
азабын қаншама тартса да Хақтан үмітін үзбеген еді.
Сол себепті ол Аллаһқа жақындай түсіп, Оның «Шафи»
есімін терең түсініп, тынбай зікір етіп келген. Ал қазір
сол дерт меңдеп жүрегі мен тіліне жеткен кезде, оны
Хақ тағалаға деген құлшылығыма залал тимесе екен
деген ой мазалай бастады. Ақырында бір байламға
келіп, Хақ тағалаға:
«Я, Раббым! Бұл дерт маған зала-
лын тигізе бастады. Саған лайықты терең құлшылық
ете алмайтын түрім бар. Сен рақымдылардың ең
Рақымдысысың»
213
,
–
деп дұға етті. Хақ тағала оның
дұғасын қабыл етіп:
«Аяғыңмен жерді теп. Міне
212
«Сад» сүресі, 41
213
«Әнбия» сүресі, 83.