151
Әйюб пайғамбар (а.с.)
Әйюб (а.с.) – Ысқақ пайғамбардың Айыс деген
перзентінің баласы. Әйюб пайғамбар атасы хазірет
Ысхақтың берген батасының арқасында шаңырағына
көп берекет дарып, шаңырағы балаға, өрісі малға,
қамбасы астыққа, сандығы алтынға толыпты. Кейбір
деректерде жары Рахима Жүсіп пайғамбардың (а.с.)
қызы екендігі айтылған. Хазірет Әйюбтың ең үлкен
сынағы осы көл-көсір байлығы еді. Алайда ол дүниеге
еш құмартпады. Хақ тағалаға құлшылық жасауды,
Аллаһты дәріптеуді ол бәрінен жоғары қоятын. Кейін-
нен хазірет Әйюбқа осынша байлығы өз алдына, Шам
жақтағы бір елді дінге шақыру үшін пайғамбарлық уа-
зипасы берілді.
Ол сабырлығы мен Хаққа деген іңкәрлығымен
танылған пайғамбар еді. Аллаһ тағала ел ішінде сынақ
қылу үшін, оның барлық байлығын қайтарып алды.
Бір жолғы апат төрт түлік малынан тышқақ лақ та
қалдырмай жұтып кетті. Алтындары түгіл бала-шағасы
қырылып, шаңырағы ортасына түсті. Алайда осының
бәріне сабырлық танытқан хазірет Әйюб ешкімге мұң
шақпады. Қара халық мұның осы қылығына қатты
қайран қалып, бастарын шайқады.
Аллаһ тағала «Оның қаншалықты ықыласты, рухы
биік адам екенін көріңдер» дегендей, Хақ пайғамбарды
адам жаны күйзелетін дертке шалдықтырды.
Пайғамбарларда жұқпалы ауру яки сырт көзге
жиіркеншті дерт болмайды. Олардың бір ерекшелік-