Previous Page  147 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 352 Next Page
Page Background

147

Лұт пайғамбар (а.с.)

екен? Алда-жалда біліп қалып, үйіме келсе, бұл жігіт-

терді қалай қорғаймын деп ойға шомып өз-өзіне:

«Бұл

өзі бір жанға батқан ауыр күн болды ғой»

203

,

деп

күбірледі. «Құдайы қонақпыз» деп алдына келіп тұрған

соң, Хақ пайғамбар тіс жарып ештеңе дей алмады.

«Жолдарың әне, бұл елден тез кетіңдер» деуге дәті бар-

мады. «Ауыр күн» екенін біле тұра, пайғамбар болған

соң көтеруіне тура келді. Ол ағасы хазірет Ибраһим

сияқты жаны жомарт пайғамбар еді. Хақ пайғамбар

олардан: «Қонақтар! Бұл елдің қандай ел екенін білетін

бе едіңдер?» – деп сұрады. Періштелер: «Қандай?» –

деп сұрағанда: «Жер бетінде бұл елден асқан азғын ел

жоқ һәм болған да емес», – деп жауап береді.

Хақ пайғамбар қонақтарын үйіне ертіп кір-

гізді. Олар үйге кіріп төрге жайғасқан шақта, Лұт

пайғамбардың әйелі Уахила дереу сыртқа шығады да,

үйіне қандай қонақ келгенін жұртқа жайып үлгереді.

Уахила пайғамбардың әйелі болса да, иман келтірме-

ген еді. Сырттай мұсылман болып көрініп, кәпірдің

тірлігін істеген «қой терісін жамылған қасқырдың

нағыз өзі» болатын. Уахиланың сөзі маңайға жайы-

лысымен, сол жердің бар еркегі жиналып, хазірет

Лұттың үйінің айналасын қоршап алды. Олар Лұттан

қонақтарды өздеріне шығарып беруін талап етті. Хақ

пайғамбар оларға:

«Бұлар менің қонақтарым. Мені

қонақтарымның алдында масқара етпеңдер. Аллаһ

тағаладан қорқыңдар. Осы жаман қылықтарыңды

тыйыңдар. Күнәға жоламаңдар. Азғындықтарыңды

мен білгенмен, мына қонақтарым білмесін»

204

,

деді.

Алайда шайтанның құрығына түскен халқы оның сөзіне

203

«Һұд» сүресі, 77

204

«Хижр» сүресі, 68-69