Previous Page  150 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 352 Next Page
Page Background

150

Пайғамбарлар тарихы

мен ескертуін жоққа шығарып едіңдер. Енді сол азапты

тартыңдар. Лұттың туралығын біліңдер», – деген

дауыс естіліп тұрды. Аятта:

«Оларға апат әміріміз

келген сәтте, ол жердің үстін астына келтірдік.

Сондай-ақ үстеріне әдейі әзірленіп қыздырылған тас

жаудырдық»

210

,

– деп айтылады.

Деректерде Садум елінің тұрған жері қазіргі «Лұт

көлі» яки «Өлі теңіздің» тұрған жері екендігі айты-

лады. Оған «Шария» өзені ғасырлар бойы аққанмен,

оның тұзын азайта алмаған. Құранда сол жер туралы:

«Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір

ғибрат қалдырдық»

211

,

– деп, сол жердің қарғыс атқан

мекен екендігін білдіреді.

Кейбір деректерде Лұт пайғамбардың (а.с.) отба-

сын алып, Мысырға яки Шамға, не болмаса Йорданияға

қоныстанғандығы айтылады.

210

«Һұд» сүресі, 82

211

«Зарият» сүресі, 37