145
Лұт пайғамбар (а.с.)
жасаған істерінің жиіркеніштілігін түсіндіріп, тәубаға
шақырды.
«Лұт сол уақытта еліне: «Жер-жаһанда
сендерге дейін ешкімнің істемеген арсыздықты
істейсіңдер ме?» – деді. «Сендер әйелдерді қойып, ер-
кектерге қызығып келесіңдер ме?Әрине, сендершектен
шыққан елсіңдер»
198
.
Алайда Садум елі оның сөзін елең ғұрлы көрмеді.
Кейбіреулер оның іс-әрекетінің астарында дүниелік
мақсат жатыр деп ойлады. Сол себепті бірде Лұт
пайғамбар: «Уа, халқым! Егер де тәубаға келмей,
осылай кете беретін болсаңдар, іс насырға шабады.
Мәңгілік азапқа ұшырап, мына азғын істеріңнің сазайын
тартасыңдар. Одан да мүмкіндіктерің бар кезде, тәубаға
келіп, Хақ тағалаға сәжде етіп, адами қасиеттеріңе
қайта оралыңдар. Мен сендерге екі дүниенің пайдасы
мен зиянын көрсетудемін. Осы уазипамның астарында
қандай да бір дүниелік пайда жатыр деп ойламаңдар.
Осы ісім үшін сендерден ешбір ақы талап етпеймін.
Менің ақым Хақ тағалаға ғана тиесілі»
199
, – дейді.
Жанына батырып айтқан Лұт пайғамбардың ескер-
тулерінен Садум елі мезі бола бастады. Бір күні басшы-
лары жиналып: «Бұл Лұт біздің басымызға пәле болып
жабысты. Ол бізге «дүниенің пайдасы» дейді. Дүниенің
пайдасымен қызығын біз онсыз да көріп жатқан жоқпыз
ба? Одан да Лұтты да, оған иман келтірген адамда-
рын да елден қуайық», – деп, бір ауыздан мақұлдасты.
Олар Лұт пайғамбарға барып: «Ей, Лұт! Егер сен біздің
дәстүріміз бен жүріс-тұрысымызға осылай киліге бере-
тін болсаң онда біз сені елден аластатамыз»
200
, – дейді.
198
«Ағраф» сүресі, 80-81
199
«Шұғара» сүресі, 164
200
«Нәмл» сүресі, 56