140
Пайғамбарлар тарихы
ірі құрбандыққа ауыстырдық. Оған кейінгілердің ара-
сында (жақсы даңқ) қалдырдық»
194
,
–
деп айтылады.
Хақ пайғамбар баласы екеуі осы дауысты есітіп
жан-жақтарына қарады. Олар аспаннан бір қошқарды
алып түсіп келе жатқан Жәбірейілді көрді. Ол Ибраһим
пайғамбарға: «Мына қошқар қырық жыл жаннатта
тұрды. Ал енді балаңның орнына осыны құрбанға шал»,
– дейді. Осыдан кейін баласы екеуі әлгі қошқарды
Аллаһ разылығы үшін құрбанға шалып, Хақ тағалаға
шүкіршілік етті. Хазірет Ибраһим осы оқиғадан кейін
Палестинадағы әйелі Сараның қасына оралды.
Хақ пайғамбардың қонақтары
Лұт пайғамбар елін дінге шақырғалы, талай
заман өтті. Бірақ олар тәубаға келудің орнына Лұт
пайғамбардың өзіне қарсы шығып, жан төзгісіз азап
шектірді. Соңында Хақ тағала оларды жермен-жексен
ету үшін періштелер жіберді. Олар алдымен хазірет
Ибраһимге барып, жақында жасы жүзге жетсе де бала
көтермегенбәйбішесіхазіретСараныңұлтабатындығын,
Лұт пайғамбарды аяқ асты еткен кәпір елдің тып-типы-
лын шығаратынын айтты. Періштелер оның үйіне жас
жігіттің бейнесінде келді. Хақ пайғамбар мал-дүниеге
қаншалықты бай болса, көңілі де соншалықты кең
еді. Ол қонақтардың есігін қағып «құдайы қонақпыз»
деген дауысын естігенде қуанышы қойнына сыймай,
есікті ашқанша асықты. Бір-бірлерімен көркем мінезді
мұсылмандарша сәлемдесті. Қонақтардың киім-киісі-
нен, жүріс-тұрысынан-ақ бөгде жердің адамдары екен-
дігі көрініп тұрды. Әншейінде қонақсыз аузына ас ба-
тпайтын, тіпті қонақ келмесе, көлденең жүргіншілерді
194
«Саффат» сүресі, 104-108