Previous Page  139 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 352 Next Page
Page Background

139

Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)

құрбандыққа шалып, анасын тағы да жалғыз тастамақ

екендігін айтып азғырды. Исмайыл Ібілістің сөзіне

құлақ аспастан, оны қуып жіберді. Артынан жеті тас

лақтырды. Қажылық кезінде шайтанға жеті тас лақтыру

да осының бір көрінісі еді.

Хақ пайғамбар баласы екеуі Мина жеріне

келді. Ибраһим баласын жатқызып, жіппен байлап,

пышағымен қанша рет кеңірдектен оңды-солды тартса

да, пышақ өтпей қойды. Осы кезде баласы жерге ет-

петінен жатып, жүзін әкесінің көрмеуін қалады. Бірақ

пышақ тағы да өтпеді. Бір кездері Хақ пайғамбар елін

ақиқатқа шақырғаны үшін Аллаһ жолында құрбан

етіліп отқа тасталған болатын. Бірақ сол от Аллаһ жо-

лында болғандықтан, Ибраһим пайғамбарды өртемеген

еді. Осы жолы да алмастай өткір пышақ оның Аллаһ

жолында құрбан етілген баласының мойнын кеспеді.

Хақ тағала отқа «Ей, от, Ибраһимге салқын әрі жайлы

бол», – дегендей, бұл пышаққа да «жұмсақ бол» деп әмір

еткен еді. Өйткені Аллаһтың хикметі баласын құрбанға

шалу емес, екеуінің ниеті мен адалдығын сынау еді. Һәм

бұлардың осы сынақтан қалай мүдірмей өткенін бүкіл

ғаламзаттағы періштелерге көрсетіп жер бетіне халифа

жаратуындағы хикметін тағы бір рет көрсетуі және

қияметке дейінгі адамзатқа өнеге екендігін дәлелдемек

еді. Осылайша Хақ тағаланың хикметі мерзімі келгенде

іске асты. Әкелі-балалы қос пайғамбар сынақтан табыс-

пен оралды. Осы кезде Аллаһтан аян келді. Құранда:

«Ей, Ибраһим! – деп дыбыстадық. Рас, түсіңді шынға

шығардың. Күдіксіз, ізгі іс істегендерді осылайша сы-

наймыз. Шын мәнінде, бұл бір ашық сынақ еді. Оны бір