Previous Page  136 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 352 Next Page
Page Background

136

Пайғамбарлар тарихы

өздеріне пана жасап алды. Баласын кейде емізсе, кейде

су берді. Көп ұзамай торсықтарындағы су да таусылды.

Құндақтағы сәби қарны ашып шырылдап жылай баста-

ды. Анасы сәбиінің сай сүйекті сырқыратқан дауысы-

на төзе алмай безек қақты. Жүгіріп Сафаның төбесіне

шығып жан-жағына көз салды. Айналадан тек ұшы-

қиыры жоқ шөл дала мен тау-тастар ғана көрінді. Ол

осыдан кейін кері қайтып Мәруәнің төбесіне шықты.

Айналадан сол баяғы сақара мен таулар көрінді. Бір

жағынан айнала жүгіріп шаршаса, енді бір жағынан

сәбидің ащы дауысы жанын жегідей жеді. Ол осы-

лайша екі төбенің арасында тыным таппай жеті рет

жүгірді. Жетінші мәрте Мәруаның төбесіне шыққанда

құлағына ғайыптан бір дауыс естілді. Ол дереу: «Ей,

дауыс! Шамаң келсе бізге көмектес!» деп айқайлады.

Осы кезде дәл қазіргі зәмзәм құдығының тұрған

жерінен Жәбірейіл періште көрінді. Ол аяғымен яки

қанатымен жерді қаза бастады. Бір кезде жерден бұрқ

етіп мөп-мөлдір су атқылап қоя берді. Хазірет Ажар

суды көре сала, қуанышы қойнына сыймай, жан-жағын

бөгеп, бұлақтың көзін тырмалап ашып, Мысыр тілінде

«зәм зәм» (тоқта-тоқта) деді. Ақиық елші

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

бұл туралы: «Аллаһ Исмайылдың анасы – Ажарға

рақым етсін. Ол зәмзәмды алақанымен бөгемегенде, ол

сөзсіз сарқырап аққан үлкен өзен болатын еді» дейді.

Хазірет Ажар да, баласы да судан қанғандарынша

ішіп шөлдерін басты. Жәбірейіл оған: «Өмір сүре ал-

маймыз деп қорықпаңдар. Бұл жерде Қағба бар. Оның

қабырғасын мына бала мен әкесі бірге қалайды» деді де

көзден ғайып болады.

Ажар ана мен баласы Исмайыл осылай күн кешіп

жатты. Бір күні бұл маңнан Жархам тайпасы өтіп