Previous Page  132 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 352 Next Page
Page Background

132

Пайғамбарлар тарихы

Ибраһим пайғамбардың һижреті

Хақ пайғамбар әйелі Сара және інісінің баласы

Лұтты ертіп Шамға қоныс аударды. Олар Шам

аймағындағы Харран қаласына табан тіреді. Ал, хазірет

Лұт Харранға жақын маңдағы Садум еліне тартты. Көп

ұзамай оған сол жерде пайғамбарлық та келген еді.

Хазірет Ибраһим Харранда көп тұрақтаған жоқ.

Ол Мысыр еліне баруға бел буды. Сол кездері Мысыр-

ды перғауындар билеп тұрған еді. Ибраһим пайғамбар

заманындағы перғауын өте залым, айлакер болатын.

Хақ пайғамбар Сарамен бірге қалаға кірген шақта,

перғауынға олардың келгені туралы хабар келді.

Хазірет Сара ажарлы еді. Нәпсіқұмар перғауын сұлу

әйел көрсе болды, өзіне тартып алатын. Ол хазірет

Ибраһимнен қасындағы әйелдің кім екендігін сұрады.

Хақ пайғамбар «қарындасым» деп жауап берді. Арты-

нан хазірет Сараға: «Мен оларға сені «қарындасым»

деп таныстырдым. Менің бұл сөзімді жоққа шығарып

жүрме. Расында, біз дін тұрғысынан туыс-бауыр сана-

ламыз», – дейді.

Хазірет Сара перғауынның алдына кіргенде, ол

оның сұлулығына таңырқап көп телмірді. Сосын ол

жаман ниетпен Сараға қолын созғаны сол еді жансыз-

данып, салақтады да қалды. Қанша тырысқанымен,

қолы икемге келмеді. Ол аз болғандай жаны мұрнының

ұшына келді. Перғауын бұл сырдың, Сараға тікелей

қатысы барын сезді де, оған: «Мен үшін Құдайға дұға

ет! Егер де дұғаң қабыл болса, мен саған тиіспеймін»,

– деді. Хазірет Сара дұға еткен замат та қолы баяғы

қалпына келді. Алайда перғауынды өне бойын түгел

ұялаған шайтаны түрткілеп, ақылы- есі кетіп, бағанағы

әрекетін қайталады. Қолы тағы жансызданып, сіресіп