129
Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)
Манжанық жебедей тартылып барып жіберілген
кезде, Ибраһим пайғамбар лаулап жанған оттың орта-
сына гүп ете түсті. Бірақ осы кезде Хақ тағаланың әмірі
мен көмегі қатар келіп:
«Ей, от, Ибраһимге салқын әрі
қауіпсіз бол»
188
, – деп жарлық айтылды. Осы жарлық
бойынша от хазірет Ибраһимді ғажап рахатқа бөледі.
Ибраһим пайғамбар осы оттың ішінде жеті күн
жатты. Кейбір деректерде ол осы оттың ішіндегі өмірін
меңзеп, «Жалған дүниеде ең тамаша күндерім сол оттың
ішінде болған жеті күнім» дегені айтылады.
Хақ пайғамбардың оттан шығуы
Хазірет Ибраһим отқа лақтырылғалы бері жеті күн
өтті. Нәмрұд та оның халқы да осы жеті күн ішінде оны
отқажанып, әлдеқашан тозаңға айналып кетті депойлап,
соның құрметіне ұлан - асыр той жасап жатқан еді. Жеті
күннен соң от әбден сөнді-ау дегенде, Нәмрұд патша
халқымен бірге, барлығы Пайғамбардың күлін көргісі
келді. Бірақ олар арыстанның апанына кіріп кеткен-
дей естері шықты. Ибраһим (а.с.) ештеңе болмағандай,
оттың ішінен шығып келе жатты. Олар осындай ғажап
мұғжизаны көрсе де, көрмеске салып, өз жайларына
кетті. Кейбір деректерде аз ғана адамның иман келтір-
гені айтылады. Дегенмен осы кезде немере ағасының
қызы Сара мен інісі Харранның баласы Лұттың иман
келтіргені туралы көп мәліметтер кездеседі.
Кейбір дерек хазірет Ибраһим отқа лақтырылған
кезде жасы он алтыда десе, кейбір деректе жиырма
алтыда болған дейді.
Хақ пайғамбар осыдан кейін де халқын тура жолға
жетелеу үшін қара тұяғынан хал кеткенше тырысты.
188
«Әнбия» сүресі, 69