Previous Page  128 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 128 / 352 Next Page
Page Background

128

Пайғамбарлар тарихы

Осылайша хазірет Пайғамбар елінің табынған үш

түрлі құдайының өздері секілді жаратылған мақұлық

екендігін дәлелдеп, әбден адасқандығын ұғындырды.

Нәмрұд намысының тапталғанына қатты ызала-

нып, адамдарын шақырып, Ибраһимді қалай жазалау

турасында ақылдасты. Ақырында былай деп шешті:

«Жұлдыз құдайларын жоғалтқан, пұт құдайларын

қиратқан, адам тәңірлерін ел алдында «жерден алып,

жерге салғандығы» үшін «Раббым – жалғыз Жаратқан»

деп өзгені менсінбеген осы жас жігітті алаулап жанған

отқа лақтырып, өртеп өлтірмек болды. Сондықтан оған

арнайы бір төбесі ашық ғимарат салынып, оның іші

отынмен толтырылып, сосын от қойылып, Ибраһим

пайғамбар сол отқа лақтырылатын болды. Осылай-

ша пұттарға қарсы келудің ақыры немен тынатынын

өзгелері біліп жүрсін, бұдан кейін ешкім де жаңа дін

ойлап, оны халыққа жеткізбесін, ұрпаққа үлгі болсын»

деді.

Олар осылай келісіп ғимараттың іргетасы да қалана

бастады. Кейбір дерек бойынша бұл ғимараттың

ұзындығыотыз аршын, ені жиырма аршын болған дейді.

Ғимарат бітіп, ішіне отын толтырылып, от қойылды.

От ат шаптырым жерден алаулап көрінді. Хазірет

Ибраһимді алдын-ала әзірлеген манжаныққа салып

лақтыруға әзірлене бастады. Осы кезде уахи елшісі –

Жәбірейіл Хақ пайғамбардың қасына келді. Оған:

– Ибраһим! Бір нәрсе қажет пе? – деп сұрады. Хақ

пайғамбар сонда:

– Жоқ, еш нәрсенің қажеті жоқ. «Хасбуналлаһи уа

нимәл-уәкил»

187

деп жауап берді.

187

Мағынасы: Маған Аллаһтың жәрдемі жетіп асады. Ол неткен

ғажап уәкіл!