127
Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)
– Иә, айтшы қане, Раббың кім сенің? Сен сонда
кімге бас иіп, кімге тағзым етесің? – деп сұрады.
Пайғамбар:
– МеніңРаббымөмірді де, өлімді де беру құдіретіне
ие. Мұндай құдірет тек соның ғана қолында, – деп жауап
қайырды. Нәмрұд сонда:
– Сол да сөз болып па? Өмір мен өлімді мен де
бере алам. Егер сенің құдайыңның бар құдіреті осы
болса, онда мені «құдай» дей бер, сенбесең көрсетейін,
– деді де, дереу зынданнан өлімге үкімі шығарылған
екі адамды алдыртып біреуін өлтіртті, енді біреуіне
кешірім етіп босатты. Сосын Пайғамбарға бұрылып:
– Міне, көрдің бе? Біреуіне өлім, енді біреуіне өмір
бердім. Ендеше Раббыларың менмін! –деп көкірегін
қағып, тағына жантая кетті.
Нәмрұд Ибраһим пайғамбардың өлім мен өмір беру
деген сөзінің астарын терең түсіне алмаған еді. Ол біре-
уді өлтіріп, енді біреуді тірі қалдырғанына мәз болып
«тәңірмін» деп күпінді. Осы кезде хазірет Ибраһим:
– Сөзсіз Аллаһ күнді шығыстан шығарады. Ал
қанеки мықты болсаң, сен оны батыстан шығар, – деп
еді, Ибраһимнен мұндай сөз күтпеген Нәмрұд жүні
жығылып сілейіп тұрды да қалды.
Әсіресе, оның жанына ең қатты батқаны бұғанасы
қатып, буыны қатаймаған бозбаланың дүйім елдің ал-
дында «тәңірмін» деп даңғырлаған қуыс кеудесін бір
ауыз сөзбен әп-сәтте қабыстырып тастағаны болды,
сөйтіп, «ине жұтқан иттей» сүмірейді. Қара орман
халқының алдында «аузынан сөзі, қойнына бөзі» түсіп,
абыройы айрандай төгілді. Ұяттан жарылардай боп
теңселіп әрең тұрды.