Previous Page  123 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 352 Next Page
Page Background

123

Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)

мәселесінде айла, ойынға орын жоқ. Мен өзіме толық

сенімдімін. Мына жансыз пұттарыңның сендерге әсте

бақыт әкеле алмайтындығын, олардың тәңір де бола

алмайтындығын қисынды дәлелмен айтып отырмын.

«Раббыларың – көктер менжердің Раббысы. Солардың

барлығын Өзі жаратты»

183

. Ол – жаратқан нәрсесіне

Өзінің қалағанын жасайды. Оның теңі де, серігі де

болуы мүмкін емес, – деді.

Хақ пайғамбардың сөздеріне айтарға уәж таппай,

мысы басылса да, халқы оның дініне мойынсұнғысы

келмеді. Түк болмағандай баяғыша күн кешті. Ибраһим

(а.с.) осыдан кейін бұлтартпайтын дәлелдермен

пұттарының қауқарсыздығына олардың көзін жеткіз-

бек болып, жаңа жоспар құрды.

Пұттардың қиратылуы

Бабыл халқының жыл сайын жаппай қырға шығып,

ел болып тойлайтын мерекесі бар еді. Бұған еңбектеген

баладан еңкейген кәріге дейін түгел қатысатын. Олар

хазірет Ибраһимге де: «Бізбен бірге осы діни мере-

кемізге қатыс. Сол кезде біздегі сенімнің дұрыстығына

көзің жетеді», – деді. Хақ пайғамбар жұлдыздарға қарап

тұрып:

«Мен науқаспын»

184

деп жауап береді.

Бұны естіген халық Ибрахим жұлдыз тәңірлердің

киесіне ұшырап кесел тапты Тойымыздың шырқын

бұзар, бәлесінен аулақ» деген ойға барды. Сөйтті де

оны жалғыз қалдырып кетті.

Осы мүмкіндікті пайдаланған Ибраһим пайғамбар

(а.с.) ойындағысын жүзеге асырмақ болып, қолына

балта ұстап пұтханаға беттейді. Қызметшілеріне дейін

183

«Әнбия» сүресі, 52-57

184

«Саффат» сүресі, 88-89