121
Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)
жансыз заттарды көк пен жерді жаратқан ұлы Жара-
тушымен теңестіре аласыңдар? – деп сұрайды
179
. Сонда
олар:
Бұларда сен айтқан ерекшеліктердің ешбірі
жоқ. Бірақ ата-бабаларымыз неше ұрпақтан бері
осы тас мүсіндерге табынып келген. Ендеше ата-
бабаларымыздың жолын қалайша ұмытамыз?! Олар
осыларды құрметтеп, кие тұтқанына қарағанда, біз
білмейтін бір тылсым сыр немесе қасиеттің болғаны
сөзсіз
180
.
Хазірет пайғамбар олардың бұл жауаптарын есітіп
көңілі құлазып, жүрегі сыздады. Сол себепті шыдай
алмай халыққа дауыстап:
– Аллаһ тағаланың атымен ант етейін! Сендер
де, ата-бабаларың да қатты қателескенсіңдер. Өйткені
Жаратқанға жаралғанды теліп, оларға құлшылық ет-
кендерге үлкен азап дайын тұр. Бәрің де жолдан тайып,
күпірліктің құзына құлағансыңдар, – дейді. Одан кейін
тәухидке шақырып:
«Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар да,
Содан ғана қорқыңдар. Егер білсеңдер, осылай
істегендерің сендерге әлдеқайда пайдалы. Аллаһтан
өзге табынғандарың сендерге ризық бере алмайды.
Оған құлшылық қылыңдар да, шүкіршілік етіңдер.
Күндердің бір күні сөзсіз сол жаққа қайтарыласыңдар.
Егер сендер өтіріксіп сенбесеңдер, обалдарың өздеріңе
ғана. Расында, сендерден бұрынғы елдер де сенбеген.
Пайғамбардың міндеті Аллаһтың аманатын орындап
179
«Шұғара» сүресі, 70
180
«Шұғара» сүресі, 79