117
Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)
«Менің Раббым мынау ма?»
Ибраһим
пайғамбар
пұттарға
табынудың
бұрыстығын түсіндіріп, елін тәухидке шақыра баста-
ды. Елі жұлдыздарға табынатын. Ибраһим (а.с.) небір
қисынды дәлелдер келтіріп, пұттардың тәңір бола
алмайтындығын түсіндірді. Бірде тіпті мынадай оқиға
орын алды.
Бұрын да сан мәрте айтып түсіндіре алмаған соң,
Ибраһим (а.с.) тың тәсілге жүгінді. Бірде елдің алдында
дінді насихаттап тұрғанда, түн болып, аспаннан жұлдыз
көрінген-ді. Сол сәт ол көктегі жұлдызды көрсетіп:
«Осы ма менің Раббым? «Бәрімізді жаратты» деп
жүргендерің мына жұлдыз ба?» деп елге сауал тастады.
Насихатын атүсті тыңдап тұрған халық оның бұл сөзіне
елең етіп, құлақ түре қалды. Олар «Менің Раббыммынау
ма?» деген сөзді естігенде, Ибраһим (а.с.) халықтың
сенімін қабылдады екен деп ойлап қалды. Шамасы,
ол осы кезде дүйім жұртқа жалпы жұлдыздардың жа-
ратылысы, жарығы, түнде адасқан жан соған қарап
жол табатынын айтып, жалпы оның жаралу хикметі
туралы сөз қозғаса керек. Оның жаратылғандығына
назар аудартса да, соңғы сөзін өз көздерімен көрсін
деп кейінге сақтады. Халық үйлеріне тарқады. Таң
сәріде олар ерте оянып ісіне кірісе бастағанда, әлгі
жарқырап көрінген жұлдыздың жарығы бірте-бірте
азайып көз алдарында ғайып бола бастады. Сол кезде
Ибраһим (а.с.) дауыстап: «Уа, халқым! Түнде мына
жұлдыз аспанда жарқырап тұрғанда, мен сендерден:
«Менің құдайым мынау ма?» – деп сұрадым. Сонда
сендер: «Бәріміздің құдайымыз – осы!» – деп жамы-
расып едіңдер ғой. Ендеше, құдайларың қайда кетті?
Неге ол түнде ғана көрініп, күндіз жоғалып кетеді?