Previous Page  113 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 352 Next Page
Page Background

113

Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)

пұттарды мазақ етіп жүргенін айтып ескерту жасай

бастады. Әкесі баласын шақырып алып, біраз насихат

айтты. Айтқандарын үнсіз тыңдаған Ибраһим (а.с.) осы

мүмкіндікті пайдаланып, алғаш рет әкесін дінге ашық

шақыра бастады.

«Сол уақытта әкесіне: «Әкешім!

Естімейтін, көрмейтін, сондай-ақ өзіңізге ешбір пай-

дасы жоқ нәрсеге неге табынасыз? Әкешім! Расында,

сізге келмеген ілім маған келді. Ендеше маған ілесіп,

мен жүрген жолмен жүріңіз. Мен сізді тура жолға

салайын»

170

,

– дейді.

Аяттарға зер сала қарасақ, Ибраһим (а.с.) әкесін

«сіз қараңғылықта қалып, жол таппай адасқан жансыз»

деп кінәламайды. Қайта Хақ тағаладан өзіне тура жол

келгенін айтып жұмсақ тілмен жеткізеді. Әрі әкесін

тура жолға түсіңіз деп қыстамайды. Мен әкелген тура

жолыма кіргеніңіз мен үшін де, сіз үшін де пайдалы деп

жылы сөзбен жеткізеді

171

.

Осыдан кейін баласы Ибраһим оған:

«Әкешім!

Шайтанға табынбаңыз! Өйткені шайтан – Хақ

тағалаға қарсы шыққан әзәзіл»

172

,

дейді.

Яғни

табынған пұттары шайтанның оларды тұзаққа түсіріп,

сонда мәңгілік азаптау үшін жасалған ойындары мен

айла-тәсілдері екендігін, сол себепті пұтқа табыну

шайтанға табынумен бара-бар екендігін ұзақ түсіндірді.

Тіпті соңында шайтанға табынудың соңы оған дос болу,

ал оған дос болған адам әсте Аллаһ тағаламен дос бола

алмайтындығын, сол себепті мәңгілік жаһаннам отында

қалатындығын айтты.

«Әкешім! Пұттарға табынудың

170

«Мәриям» сүресі, 42-45

171

Сабуни, Нубууә, 220-222 беттер; Афиф Абдулфаттах Таббара.

Маал-әнбия фил-Қуран, 118-бет

172

«Мәриям» сүресі, 44