110
Пайғамбарлар тарихы
ұшырап, оларға азық-түлік таратар кезде, алдымен
«сен біздің тәңірімізсің» деген сөзді міндетті түрде
айтқызатын. Задында, оның өзін «тәңір» санауының
себебі, Жаратқанның берген байлығын көтере
алмағандығынан еді.
Екіншісі – көктегі жұлдыздарға, ай мен күнге табы-
натын.
Үшіншісі – жердегі өздері қолдан жасап алған
жансыз пұттарға табынатын. Тіпті кейбір деректерде
көктегі әрбір жұлдыз үшін бір пұт жасап, бұл пұттар
көктегі жұлдыз-тәңірлеріне баланып, олардан шапағат
күтетін.
Міне, Ибраһим (а.с.) олардың осы үш түрлі пұттары
жайлы Құранда үш жерде қисынды дәлелдер кел-
тіріп, олардың қауқары жоқ түкке тұрғысыз екендігін
айғақтап береді
168
.
Ибраһимнің (а.с.) дүниеге келуі
Ибраһим (а.с.) дүниеге келместен бұрын, Нәмрұдқа
сәуегейлер мен жұлдызға қарап бал ашатындар
келіп: «Патшамыз! Жұлдыздарға қарасақ, осы жылы
бір күтпеген оқиға болайын деп тұр. Осы бір жыл
ішінде сенің еліңде бір бала дүниеге келеді. Ол бала
халықтың дінін өзгертеді. Өзгертіп қана қоймай,
сенің патшалығыңды да жермен-жексен етеді. Бірақ
ол баланың кімнің отбасынан шығатынын білмейміз.
Сондықтан осы жылы туатын барлық ұл балаларды
өлтіруге жарлық бер!» – дейді.
Өз сәуегейлеріне мүлтіксіз сенетін, әрі тікелей өз
басына қатысты мәселе болғандықтан, Нәмрұд дереу
168
Афиф Абдулфаттах Таббара. Маал-әнбия фил-Қуран. 108-115
беттер