Previous Page  106 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 352 Next Page
Page Background

106

Пайғамбарлар тарихы

дауыс естіліп, Самуд халқын жермен-жексен етіп,

қаланың астаң-кестеңін шығарды

161

.

Апаттың түйені өлтірген соң бірден келмей үш

күннен соң келуі де Хақ тағаланың оларға деген рақымы

еді. Өйткені олар осы үш күн ішінде әлі де тәубаға

келіп, иман келтіргенде, Жүніс пайғамбардың халқы

секілді құтылар ма еді. Бірақ олар қанша үрейленсе

де бойларындағы шайтандары мен мұздай жүректері

тәубаға келтірмеді.

Қала тып-типыл болып күлі көкке ұшқан кезде,

Салих пайғамбар (а.с.) үмбетін ертіп, сол бір қиян-

кескі көрініске ғибратпен қарады. Ол жермен-жексен

болған халыққа қарап: «Уа, халқым! Сендерден ешбір

ақы сұрамай тек қана Раббымның хабарын жеткіздім.

Сендер осындай халге душар болмасын деп, бүкіл

ғұмырымды арнап, жанымды бәйгеге тіге сан-мәрте

насихат айттым. Бірақ сендер сөзіме бір сәт болса да

құлақ аспадыңдар. Мінеки, істің ақыры осындай адам

айтқысыз қасіретпен аяқталды»

162

, – дейді.

Бұл кезде Самудтың кәпір халқы әлдеқашан өте ая-

нышты күйде жер құшқан болатын. Бірақ олар бақида

тұрып Пайғамбардың сөзін естіді.

«Әнбия» сүресінде айтылғандай, тарихта ешбір

пайғамбар қайта айналып кеп өз елі жермен-жексен

болған өңірде өмір сүрмеген.

Абдуллаһ ибн Омардың бізге жеткізген бір ха-

дисінде Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Тәбук

ғазауатында Самуд халқының жермен-жексен болған

өңірде қонақтағаны айтылады. Сонда ол сахабалары-

161

«Һұд» сүресі, 68; «Қамар» сүресі, 31

162

«Ағраф» сүресі, 79