Previous Page  101 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 101 / 352 Next Page
Page Background

101

Салих пайғамбар (а.с.)

ұшырайсыңдар»

дейді. Ол осыдан кейін халыққа

на-

сихат айтып:

«Уа, халқым! Ад елінен кейін сендерді

олардың ізбасары етіп жер бетіне орналастырғанын

еске алыңдар. Ойпаттарда сарайлар салып, тау-

ларды үңгіп үйлер қазатын едіңдер. Олай болса, Хақ

тағаланың нығметтерін еске алыңдар. Жер бетінде

бүлік шығарып, шектен шығып асып-таспаңдар!»

154

деп сөзін тамамдады.

Салих (р.а.) аруананы «Аллаһтың түйесі» деп

атайды. Оның себебі, аруана сырттай қарағанда ешбір

түйеден айырмашылығы жоқ секілді көрінгенмен, бір

құдықтың суын бір өзі тауысатын еді. Және халық оны

алғаш сауған кезде, қатты таңырқап не істерін білмей

састы. Өйткені аруананың желінінен бұлақтай аққан

сүт елге түгел жетті.

Бұл түйе кәдімгі түйеден еш аумағанымен,

таңғаларлығы, мұны көрген жерден Самуд елінің

түйелері тым-тырақай үркіп қашты. Самуд халқының

су алу кезегі бір күнге қысқарғандықтан, түн баласы

көз ілмей ертеңгі күннің суын тасумен әбігерленді. Сол

себепті уақыт өте келе, олар бұл түйеден мезі бола бас-

тады.

Ақырында, мүшріктердің басшылары жиналып,

халықты түйені өлтіруге үгіттеді. Олар былай дейді:

«Қашанғы бұлай өмір сүре бермекпіз? Мына түйе

елдің берекесін қашырып бітті. Өмірімізді осылай-

ша қиыншылықпен өткізе бермекпіз бе? Бұл пәлекет

тұрғанда, бізге күн жоқ. Оның көзін тезірек құртып

тыну керек». Осылайша түйені өлтіруге халықты ақыры

көндірді.

154

«Ағраф» сүресі, 74