Previous Page  103 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 352 Next Page
Page Background

103

Салих пайғамбар (а.с.)

Уа, халқым! Бар кесапаттарың Хақ тағалаға аян. Ол

сендерге көптеген сынақтар берді. Сендержақсылықпен

де, жамандықпен де, абыроймен де, жоқшылықпен де

сыналдыңдар. Бірақ осының бәрі не үшін екенін аңғара

алмадыңдар.Хақтағаласендергешарапатынтөгіп,осын-

шама жақсылық бергенде, шүкіршілік ете алмадыңдар.

Хақ тағала сендерге небір пәлекеттерді жаудырғанда,

тағат тауып сабыр сақтай алмадыңдар. Түйені бауыздап

тастаған соң, әлі де тәубеге келуге мүмкіндік бар еді.

Амал нешік! Оны да жіберіп алдыңдар. Бұдан соң сен-

дерге рақым жоқ. Бұндай кеселдеріңнің, сірә енді, емі

табыла қоймас. Сендер енді үш күн күтіңдер. Алғашқы

күні беттерің сарғаяды. Екінші күні қызарады. Ақырғы

күні қараяды. Төртінші күні қандалаша қадалған азап

сендерді бидайдай қуырып жер бетінен жоқ қылады, –

деп ақырғы сөзін ашынып тұрып айтты.

Мүшріктердің басшылары бұл сөзді де қаперлеріне

алмай, әуелі Салихтың өзін, одан соң отбасын, артын-

ша мұсылмандарды түгел қырып тастауды жоспарла-

ды. Олар осындай шешімге келіп ант-су ішісті

158

.

Құранда «Шәмс» сүресінің 14-аятында

«Бірақ, олар

Салихтың сөзін тыңдамай, түйені өлтіріп тастады»

деп айтылады. Яғни олар пайғамбарларының дегеніне

құлақ аспады. Күндіз-түні араларында жүріп, насихат

айтқанмен, халқы тым құрыса бір рет: «осының айтқаны

дұрыс болып шықса, жағдайымыз не болмақ?» деп ой-

ланып та көрмеді. Қайта аталмыш аяттағы

«ақара»

сөзі

бір малды құлатып, аяқтарын байлап, бауыздап тастау

деген мағынаға келеді. Ендеше олар жазықсыз түйені

ұрып қана қойған жоқ, жерге жығып, байлап бауыздап

158

«Нәмл» сүресі, 49-50