100
Пайғамбарлар тарихы
анық. Қиямет орнап, мақшар күні құрылғанда, Хақ
тағала оларды мақшар халқына «абыройлы адамдар»
деп танытпақ-ты.
Самуд халқының кәпірлері болса, олардың жанда-
рына келіп, иман келтіргендері үшін бейшара, адасқан,
ақымақ санап: «Сендер Салихтың Жаратушы жібер-
ген елші екеніне нық сенімдісіңдер ме? Расында, оның
айтқандарының, көрсеткендерінің бәріне сенесіңдер
ме?» – деп сұрады. Мұсылмандар Пайғамбардың сөзіне
де, ісіне де, көрсеткен мұғжизасына да тұтастай сенетін-
діктерін анық білдіріп, қажет болса, жолында жанда-
рын құрбан етуге әзір екендіктерін аңғартты. Кәпірлер:
«Біз болсақ сендердің сенгендеріңді жоққа шығарып
күпірлік етеміз»
деп, өздерінің қасарысқан кәпір екен-
дігін паш етті
152
.
Көп өтпей ес жиған Самудтың мүшрік халқы өзара
күбірлесіп, ақырында Пайғамбарға қарап: «Салих, біз
сені басқа біреу дуалаған екен деп жүрсек, нағыз дуала-
ушы, сиқыршы өзің екенсің ғой», – деп килікті.
Салих пайғамбар жиналған Самуд халқына қарап:
«Уа, халқым! Мынау – Хақ тағаланың аруанасы. Бұл
– сендерге берілген мұғжиза. Бұған әсте тиісіп, қол
жұмсаушы болмаңдар. Аллаһ тағаланың қалаған
жерінде жайылсын. Оған қандай да бір жамандық
жасап, залал келтіретін болсаңдар, көп ұзамай азапқа
ұшырайсыңдар»
153
,
–
деп қатаң ескерту жасады. Ол
әрі қарай сөзін жалғап:
«Уа, халқым! Мына аруанаға
мұқият болыңдар! Су кезегі бір күн онікі бір күн сен-
дердікі. Қайталап айтамын. Оған килігіп жамандық
жасап жүрмеңдер. Онда сендер ұлы күннің апатына
152
«Ағраф» сүресі, 75-76
153
«Һұд» сүресі, 64