95
Салих пайғамбар (а.с.)
да Ад елі сияқты пұтқа табынған қыңыр жандар бола-
тын. Сол себепті бұл ел «екінші Ад елі» деп аталған.
Аллаһ тағала Құранда бұл елді «Асхабул-хижр»
149
(Тас
иелері) деп атаған. Өйткені бұлар тас қашаудың әлемде
теңдесі жоқ шеберлері болған. Өздері де тастай берік әрі
күшті ел еді. Тастан түйін түю нәтижесінде мүсін жасап
соған табынуды шығарған. Олардың тасқа табынуы екі
нәрседен туындаған болуы мүмкін. Әуелі, олар тауды
ойып үйлер жасағандықтан, тастың соншалықты берік-
тігі мен күштілігін байқап, ақырында оны «құдіретті
күш» деп ойлаған болуы бек мүмкін. Ақырғысы, сол
қара тастарды ойып жасаған өздерінің дарындылығы
меншеберлігінетәнті болып, қашапжасағанмүсіндеріне
табынған да шығар.
Салих (а.с.) осындай елге пайғамбар болып келді.
Ол дереу халқын ақиқатқа шақыра бастады:
«Уа,
халқым! Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар! Одан
басқа ешбіртәңіржоқ. Ол сендерді топырақтанжара-
тып әрі сонда өмір сүргізді. Ендеше, сол Жаратқаннан
қолдарыңды жайып жалынып, жарылқау тілеңдер.
Һәм тәубе етіңдер. Сөзсіз, Ол құлдарына өте жақын,
олардың тілеген тілектеріне сөзсіз жауап береді»
150
,
–
дейді.
Салих (а.с.) адамның топырақтан жаратылғанын
түсіндіріп, бұған қисынды дәлелдер келтіріп бақты.
Жерді Аллаһ тағаланың адамзаттың игілігіне бергенін
айтты. Ал ел табынып кеткен пұттардың топырақтан
жасалғанын,олардыңқұдайболаалмайтынынтүсіндірді.
«Жер мен адамды кім жаратса, Иесі де сол болмақ.
149
«Хижр» сүресі, 80
150
«Һұд» сүресі, 61