Previous Page  97 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 352 Next Page
Page Background

97

Салих пайғамбар (а.с.)

«Оған дүние де билік та қажет емес. Бар болғаны

есінен ауысқан. Айтып жүрген сандырақтары осының

айғағы», – деп соқты.

Салих пайғамбар елдің жел сөздеріне көңіл аудар-

май, өз міндетін жалғастыра берді. Осы аралықта да

Самуд халқы тіптен байи түсіп, қатігездік пен бүліктің

шырқау шегіне жетіп қалған еді.

Салих (а.с.) оларға:

«Уа, халқым! Сендер мына

қызығын көрген жұмаққа ұқсас бақтар мен бау-

бақшалар, мөлдіреп аққан сарқырамалар, сабағы

майысажайқалған егіндер осылай мәңгі-бақи құлпырып

тұра береді, біз осының қызығын мәңгі көре береміз

деп ойлайсыңдар ма?»

151

«Араларыңда ықылымнан

бері өлмей өмір сүріп келе жатқан бір тірі жан бар

ма? Кешегі өткен заманда таудан қашап жасаған мына

үйлердің иелері өлмесе бүгін қайда кетті? Олар да бір

кездері сендер сияқты мәңгі өмір сүретіндей, дүниені

жалпағынан басып жүрген болатын. Ал бүгін олар

қайда? Иә, бәрі де тынысы біткен кезде өзі жаралған

топырағына көмілді де кетті», – деді.

Қуаңшылық

Салих (а.с.) пайғамбардың сөзін әсіресе ел би-

леуші көсемдер мен байлар місе тұтпады. Олар

әрқашан малы мен жаны аман тұрарына бек сенді.

Пайғамбардың сөзіне құлақ аспады. Сол себепті Хақ

тағала оларға ескерту ретінде қуаңшылық жіберді. Ма-

сатыдай құлпырған жайлауы көп ұзамай соры шыққан

тақырға айналды. Бір ғана құдықтан басқа бүкіл құдық

атаулының суы тартылды. Елдің күні жалғыз құдыққа

ғана қарап қалды. Таң атқаннан кеш батқанша бүкіл

151

«Шұғара» сүресі, 146