96
Пайғамбарлар тарихы
Адам да, пұт та топырақтан жасала тұра, қалайша пұт
адамға құдай болмақ?!» – деп ойға шақырды.
Қолдан
жасалған
пұттардың
тәңір
бола
алмайтындығын айтып, Салих (а.с.) халықты тәубе
етуге, Хақтан кешірім тілеуге үндеді. Адам баласы
пенде болған соң қателеспей тұра алмайды. Бұл –
оның жаратылысында бар нәрсе. Алайда тура жол
анықталған кезде дереу тәубе етіп қателігін түзете
білу нағыз ерлердің ісі екендігін айтты. Алайда халқы
оның сөздеріне құлақ аспады. Олар: «Ей, Салих! Сен
осы күнге дейін арамыздағы үлкен үміт күтіп жүрген
адамдардың бірі едің. Аяқ астынан басыңа не күн туды,
бізге ата-бабаларымыз табынып келген құдайларға та-
бынба дегенің не? Расын айтсақ, біз сенің мына жаңа
сеніміңе күдікпен қараймыз», – дейді.
Иә, Самуд халқы Салихтан мұндайды күтпеп еді.
Олар оны «өскенде ел басқаратын көсем яки қара
қылды қақ жарған әділ би, дауға түсер шешен» болады
деп үлкен үміт артатын. Бірақ оның жаңа сенімге, жаңа
дінге шақырғанын түсіне алмады. Тіпті бұл жолда
құрбан болуға әзір екендігі, қандай жағдайда да бас
тартпайтын ниетін білген сайын, шошына бастады.
Салих пайғамбар сол елдегі ақсүйек отбасынан шыққан
адам еді. Әкесі, туыстары лауазымды адамдар болатын.
Сол себепті де Самуд халқы ә дегеннен оған озбырлық
көрсетіп, қастық жасай алмады.
Олар кейде Салихтың осы қылығын сан-саққа
жорыды. Бірі: «Е-е, оның мақсаты – бізді алдап-ар-
бап дүниеге қол жеткізу» десе енді бірі сөзін бөліп:
«Жо-жоқ, Салихқа дүние, байлық қажет емес. Онсыз
да оның дүниесі көл-көсір. Шамасы, ол елдің билігін
көксеп жүр», – десе, тағы бірі бұған да қосылмай: