102
Пайғамбарлар тарихы
Бірақ түйені өлтіруге ешкімнің батылы бармады.
Бір кезде Қаддар деген біреу сегіз мас адамды бастап
апарып түйені жайғастырмақшы болды.
Бір күні Салих (а.с.) халықты әдеттегідей дінге
шақырып тұрғанда, мүшріктердің басшылары келіп оны
айнала қоршап, келемеж ете бастады. Сол сәтте түйе
құдықтан су ішіп тұрған болатын. Олар түйені көрсетіп:
«Мына түйені өлтірсек, басымызға пәле келіп, жермен-
жексен болады екенбіз. Ал ендеше түйені өлтірейік те
әуселеңді көрейік», – деді де арнайы топқа ишарат етті.
Олар дереу жабылып жүріп түйені жерге құлатты да
сойып тастады. Етін жілік-жіліктеп өздері бөліп алды.
Сосын Салихқа бұрылып: «Ал, Салих! Киелі деген
түйеңді өлтіріп тастадық. Егер пайғамбарлығың рас
болса, айтып жүрген азабыңды көрсет»
155
, – деді.
Хақ пайғамбар азғын топқа қарап:
Уа, халқым! Сендерне істедіңдер?Өздеріңе сынаққа
келген түйені сойып тастағандарың не? Осы күнге дейін
жасаған күнәларың аз болғандай күнә үстіне күнәні
жамағандарың қалай? Әлде азапты тезірек көруге
асығып тұрсыңдар ма? Тәубаға келіп, Хақ тағаладан
кешірім сұрасаңдар, әлі де кеш емес, күнәларың
кешіріледі», – деп, тәубаға келуге шақырды
156
. Олар:
Ей, Салих! Сен бізге пәле болып жабыстың. Өйткені
сен осы дінді шығарғалы, елдің берекесі қашты. Ба-
сымыздан пәле арылмады. Ендеше, мұның бәрі сенің
кесіріңнен. Өйткені сенен бұрынғыөміріміз тып-тыныш
еді
157
, – деп бар кінәні соған артты. Салих пайғамбар:
155
«Ағраф» сүресі, 77
156
«Нәмл» сүресі, 46
157
«Нәмл» сүресі, 47