Previous Page  105 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 105 / 352 Next Page
Page Background

105

Салих пайғамбар (а.с.)

түйе олардың малының төресі, яғни, тіршілік көзі еді.

Аллаһ тағала олардың ең қатты деген жартасын жарып,

түйе яғни, жанды нәрсені жаратып көз алдарына қойды.

Аллаһ тағаланың құдіретімен жартас екеш жартас та

қақ айырылып, қақпадай ашылады. Ендеше ең қатты

нәрседен ең жұмсақ тіршілікті жаратқан Құдайдың

бұл құдіреті олардың көкірек көздерін ашуға жетпей

ме? Бірақ олардың жүректері сол жартастан да қатты

болып шықты. Хакім Абайдың «Жартасқа бардым,

күнде айқай салдым» дегеніндей, Аллаһ тағаланың

құдіреттілігіне жартас тағзым етіп, қақ айырылғанмен

олардың тас жүрегі міз бақпай қойды.

Самуд халқының тағдыры

Салих пайғамбардың айтқаны айдай келіп, алғашқы

күні-ақ кәпір халықтың беттерінде азаптың сарғайған

белгісі көріне бастады. Самуд халқы бәрінің беттері бір

түнде сап-сары болып кеткенін көріп, «әлгі Салихтың

сандырағы шынымен келіп жүрмесін» деп, бір-

бірлерінің жүзіне абыржыған түрде жалтақтай қарады.

Екінші күні ұйқыдан оянғанда, беттерінің қызарып

кеткенін көріп, үрейлене бастады. Үшінші күні тұтас

елдің беттері қап-қара болып түтігіп кетті. Салихтың

айтқаны шынға айналды деп, естері кете сасқалақтады.

Сосын Салихтың (а.с.) көзін жоймақшы болған әлгі топ

түн жамыла оның үйіне басып кіргенде, үйінің қаңырап

бос тұрғанын көреді. Бастары қатып діңкелері әбден

құрыды. Мұның алдында ғана Аллаһ тағала Жәбірейіл

арқылы хабар жеткізіп, Салих пайғамбар (а.с.) мен

үмбетін қаладан шығарып жіберген болатын.

Ертесі күні қала халқы естерін жинай алмай улап-

шулап жатқанда, көктен жан түршігерлік қорқынышты