Previous Page  104 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 352 Next Page
Page Background

104

Пайғамбарлар тарихы

өлтіреді. Бұл іс-әрекеттері олардың азғындықтарының

ең шектен шыққан түрі еді.

«Сонда Раббылары оларға қылмыстарының сал-

дарынан апат жіберіп, түгелдей жермен-жексен

етті»

. «Хижр» сүресінде:

«Сонда оларды ащы дауыс

бүріп әкетті»

159

, – деп айтылғандай, Самуд халқының

үстіне ауыр азап найзағайдай жарқ етіп түсіп, бәрін бір

сәтте жермен-жексен етіп, жер бетінен жоқ қылды

160

.

Көп жылдар, бәлкім, ғасырлар бойы ғұмыр кешіп келе

жатқан қоғам бір сәтте жер бетінен жоғалып, Самуд

халқы бұрын-соңды өмір сүрмегендей ізі ғайып болды.

Иә, Хақ тағаланың қаһарына ұшыраған ел, не жеке

тұлғаның ажалы осылай болмақ. Өйткені, олар киелі

түйені бауыздағанындай өз тағдырларын өздері шешкен

еді. Аллаһ тағаланың ашуына тиген елдің ажалы кейде

су тасқыны, кейде жерден шыққан от, енді бірде зіл-

зала, тағы басқа біз білмейтін орасан пәлекеттер

арқылы көрініс табады. Міне, Самуд халқы да ащы

дауыс арқылы бізге беймәлім бір пәлекетке тап келіп,

тауды ойып салған үйлерімен қоса түгелдей тып-типыл

болды. Аллаһ тағаланың түйені жартастан шығарып,

күллі құдықтың суын бір өзіне ішкізіп көрсеткен

мұғжизасында құдіретінің шексіздігін түсінер деген

ғибрат жатыр еді. Өйткені, олардың өмірі тау-таспен

тығыз байланысты еді. Олар сол тауларды бұзып сарай-

лар тұрғызып, өмір сүрген. Ал тасты ойып үй салу деген

– екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Олар тас

дегеннің не нәрсе екендігін жақсы білетін. Бұған қоса

159

«Хижр» сүресі, 83

160

Тәфсирул-Бағауи. 8-том, 440-бет; әс-Сағди. Тәйсирул-

Кәримир-Рахман, 5-том, 407-бет; Уәһбә Зухәйли. әт-

Тәфсирул-мунир, 15-том, 649-бет