107
Салих пайғамбар (а.с.)
на бұл жердің құдығынан бір тамшы су татып алмауды
бұйырады. Сахабалар:
Пайғамбарым! Біз осы құдықтың суынан қамыр
илеп қойдық, ыдыстарымызды да толтырып алдық, –
дейді. Аллаһ елшісі:
– Олай болса, қамырды түгелдей лақтырыңдар,
ыдыстарыңдағы суды да төгіп тастаңдар, – деп бұйрық
берді.
Кейбір деректерге қарағанда, Салих пайғамбар
Самуд халқының өлімінен кейін үмбетімен бірге
жиырма жылдай өмір сүріп, жүз елу сегіз жасында
ақыретке көшіп, Аллаһ тағаланың рақымына бөленеді.