Previous Page  112 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 352 Next Page
Page Background

112

Пайғамбарлар тарихы

кезде бала «Бұлардың сөзсіз бір Жаратқаны бар ғой», –

деп күбірлеп келе жатқан еді.

Азар пұт жасап, оны базарға апарып сатып

күнелтетін. Ибраһим пайғамбар асық ойнайтын жасқа

жеткенде, әкесі оған өзі жасаған бірнеше пұттарды

базарға сатып келуді бұйырады. Бала әкесіне қарсы келе

алмай, амалсыз көнеді. Бірақ пұттарды құрметтемей,

мойындарынан жіппен байлап базарға сүйреп барады.

Жұрт жас баланың бұл қылығын ерсі қабылдайды.

Олар болған жайтты дереу әкесіне хабарлап, жайлап

түсіндірді. Азар дереу базарға келіп баласының

қылығын көріп, төбесіненжай түскендей состиып тұрып

қалды. Ибраһим (а.с.) пұттарды шетінен тізіп қойып,

оларға ыдыспен су ұсынып жатты. Бірақ олар қозғала

қоймады. Әрі-бері әбігерге түсіп, ішкізе алмаған соң

суды олардың төбесінен бір-ақ құяды. Әкесі оған ашу-

ланып:

– Балам! Бұл не қылғаның? – дейді. Бала

Ибраһим:

– Әке, көрмейсіз бе? Пұттарға су беріп жатырмын,

– дейді. Әкесі одан сайын ашуға булығып:

– Балам, олар су ішпейді ғой, – дейді. Сонда бала

Ибраһим:

– Су іше алмайтын бұл неғылған тәңірлер, – деп

жауап берді.

Бұл сөзі ұтымды еді. Сөйтіп бұл жолы әкесін де,

айналадағы жұртты да уәжге жықты. Алайда оны

тыңдаған әкесі болмады.

Осылайша жылдар зулап өтіп жатты. Ибраһим

(а.с.) ел-жұртқа пұттардың түкке тұрғысыз екендігін

дәлелдеп жүрді. Соңғы кездерде оған пайғамбарлық

міндеті дежүктелгенболатын. ХалықАзарға баласының