Previous Page  118 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 118 / 352 Next Page
Page Background

118

Пайғамбарлар тарихы

Көзден таса боп, жоғалатындар қайтіп құдай бола

алмақ? Мен әсте көзден ғайып болатындарды жақсы

көрмеймін» деп түндегі әңгімесінің астарын баяндай-

ды. Халық түнде жұлдыздың жаратылғандығына назар

аудартып, жаратылған нәрсенің сөзсіз бір Жаратушысы

болатындығын насихат еткендігін енді аңғарды.

Ибраһим жұлдызды көрсеткен түні аспанда ай жоқ

болатын. Ол әдейі ескі айдың жоғалып жаңа ай әлі

тумаған түнде жұлдызға назар аудартқан еді.

Осыдан соң жаңа ай да туып, күн өткен сайын

толыса бастады. Шамасы Ибраһим оларға көрсету үшін

айдың он төртінші, он бесінші күндерін күтсе керек.

Өйткені аяттағы «толған ай» осы күндерде толып ке-

меліне келеді.

Ендеше сол күткен күн де келіп, аяқталар мезгіл

жеткенде, күн көкжиекке батты. Көп ұзамай аспанды

қара шәлідей торлаған қараңғылық көкжиекті де бүркеп

алды. Осы кезде көкте толған ай сүттей жарқырап жер

бетіне нұрын шашты. Сол түні аспан әлемінде бір

шөкім бұлт та жоқ еді. Ибраһим жиналған халық ал-

дында айды нұсқап: «Әлде сендер айтып жүрген менің

Жаратушым осы ма? Осы ғой шамасы, солай ма?!»

– деп айқай салды. Халық тағы да жиналып сөзіне

құлақ түрді. Ол шамасы айдың жұлдыздан әлдеқайда

үлкендігін, сол себепті жер бетіне жұлдызға қарағанда

жарығы да көбірек түсетіндігін айтып, оның да жараты-

лыс хикметіне назар аудартса керек. Бірақ халық оның

бұл сөзін, әрине, «құдайымыз туралы жақсы сөз айтып

жатыр» деп ұққандай болды.

Ертеңгісін оянып ісіне кіріскен шақта, Ибраһимнің

(а.с.) айқай салған дауысы тағы да таңғы ауаны тіліп

түскендей болды. Ибраһим (а.с.) халыққа қарап: «Уа,