Previous Page  119 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 352 Next Page
Page Background

119

Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)

халайық! Қайда әлгі түнде жер бетіне нұр шашқаны

үшін «құдайымыз» деп тәңір санаған толған айларың?

Жаңа ғана көз алдымда алдымен жарығы әлсіреп, ар-

тынша өзі де бұлдырап көрініп тұрды да, мүлдем

ізім-ғайым жоғалып кетті ғой. Ол құдай болса неге

жоғалады? Кілең жоғалғыштар қалай ғана құдай бола

алады? Осыған бір сәт ой жүгіртіп көрдіңдер ме? Бір

Жаратқанның өзі сақтасын! Егер де сол Раббым маған

тура жолды көрсетіп, жүрегіме иман ұялатпағанда, мен

де сөзсіз адасып, шіркке ұрынар едім»

177

, – деп насиха-

тын тамамдады.

Осыдан кейін көп ұзамай күн шықты. Күн

шығысымен, көк аспандағы күллі жұлдыз да, ай да,

түгелдей көзден ғайып болды. Жер беті жарқырап, күн

шұғыласын шашты. Осы кезде Ибраһим пайғамбар

тағы да дауыстап: «Уа, халайық! Әлде мынау ма менің

Раббым? Бұл әлгілердің бәрінен де үлкен ғой. Жарығы

көз ұялтады. Бірақ қайдам? Бұл да әлгілердің соңына

түсіп жоғалып кетіп жүрмесе», – деді.

Күн түс әлетінде тас төбеде тұрып алды да, көп

ұзамай батысқа қарай асығып бара жатты. Ақырында

жарығы азайып, қызарып барып батты. Іле жер бетін

меңіреу қараңғылық тұмшалады. Осы кезде Ибраһим

(а.с.):«Уа,халқым!Қайдаәлгібарлыққұдайларданүстем

күн құдайларың? Әлгінде тас төбеге шығып жарығын

шашып тұрып еді, ол да батысқа құлап ғайып болып,

жоғалғандардың артынан кетті ғой. Жо-жоқ, халқым.

Сендер өз-өздеріңді босқа алдамаңдар. Олардың бәрі

құдай емес, қайта жер бетіндегі жанды-жансыз секіл-

ді сендерге Хақ тағаладан берілген қызметшілерің.

Олар күнде бір көрініп, бір жоғалу арқылы өздерінің

177

«Әнғам» сүресі, 77