Previous Page  114 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 352 Next Page
Page Background

114

Пайғамбарлар тарихы

кесірінен Хақ тағаланың азабына ұшырайсыз ба деп әрі

шайтанға болысатыныңызды ойлап жүрегім сыздап

қатты қайғырамын. Егер де сізге азап келетін болса,

онда мәңгі тозақта қалғаныңыз. Өйткені Аллаһтың

қас дұшпанымен дос болу Аллаһ тағаламен мәңгілік қас

болғанмен тең»

173

.

Аяттарда «Уа, әкешім!» деген сөз бірнеше мәрте

қайталанады. Бұл бір жағынан Ибраһим пайғамбардың

әкесіне деген құрметі болса, енді бір жағынан оның

азаптан құтылуы үшін соншалықты жалынышты үні,

әкесін тура жолға салуға деген асқан құштарлығының

белгісі.

Алайда Азар баласының айтқандарына құлақ аса

қоймады. Қайта насихат айтып:

«Әй, Ибраһим! Сен

тәңірлерімненбетбұрасыңба?Егермұндайқылығыңды

қоймайтын болсаң, әрине, сені тас боранның астына

аламын. Әрі сен бұдан былай менен аулақ жүр»

174

,

деп жауап берді.

Ибраһим пайғамбардың жүрегіне әкесінің мына сөзі

инедей шаншылды. Қатты күйзеліп жаны сыздаған ол

әкесіне: «Әкешім! Сөзіме құлақ салып бір сәт болсын

ойланып көрмедіңіз бе? Сіз менің әкем болған соң,

қатты айта алмаймын. Ендігі жерде өмірден өтіп көз

жұмғанға дейін, Хақ тағалаға қол жайып, дұға қылып

өзіңіздіңтуражолға келуіңізді тілеймін.Мен ғаламзатты

жаратқан ұлы Жаратушыға ғана мойынсұнып, Соған

ғана қол жайып дұға тілеймін. Сіз үшін Хақ тағаладан

кешірім тілеп, истиғфар етемін. Мүмкін Ол менің

173

«Мәриям» сүресі, 45

174

«Мәриям» сүресі, 46