120
Пайғамбарлар тарихы
әсте жоғалмайтын бір Жаратушысынан хабар беруде.
Өйткені жоғалған нәрсенің қайта пайда болуы – оны
қайта бар етіп жарыққа шығарған жалғыз Құдайдың бар
екендігіне бұлтартпас дәлел. Ендеше тәубаға келіңдер!
Уа, халқым! Мен сендердің Раббыма серік қосқан
барлық істеріңнен де, пұттарыңнан да, ойларыңнан да
аулақпын. Мен әсте Раббыма ортақ қоспаймын. Мен
ханиф, тәухидшыл болып жүзімді көк пен жерді һәм
олардың ортасындағы барлық нәрсені жаратқан Хақ
тағалаға бұрдым»
178
, – дейді.
Осылайша хазірет Ибраһим елінің көктегі
«тәңірлерінің» түкке тұрғысыз екендігін дәлелдеп,
олардың әсте құдай бола алмайтындығын айқындап,
кемшіліктерін беттеріне басты. Елі оның айтқан осынау
ащы шындығына қарсы уәж айта алмай, бастарын
салбыратқанымен, оның дінін қабылдамай, естімеген,
білмеген адамдарша ескі әдеттерін жалғастыра берді.
Ибраһимпайғамбаросыданкейінхалықтың«құдай»
деп санаған мүсіндері мен пұттарының шыбынның
қанаты құрлы құны жоқ, мүлде қауқарсыз екенін айтып
елін тәухид дінге шақырды. Ол бірде пұттардың басына
жиналып оларға табынып жатқан халықтың қасына
келіп:
– Мына жансыз пұттарды өздерің жасап алып, неге
сонша бас ұрып табынасыңдар. Табынғандарыңмен
қоймай,зарилеподанжақсылықтілейсіңдер.Жергетүсіп
кетіп шағылып қалса, «Құдайымыз шағылып қалды»
деп жылайсыңдар. Олар бар-жоғы санадан жұрдай тас
пен ағаштардың бөлшектері ғана ғой. Бастарыңа бір
іс түскенде, осыларға келіп жалбарынасыңдар. Сонда
солар сендердің дауыстарыңды ести ала ма? Қалайша
178
«Әнғам» сүресі, 79