Previous Page  125 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 125 / 352 Next Page
Page Background

125

Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)

суды төбесінен құйып жібергендей болды. Себебі

пұтханадағы пұттардың барлығы күл-талқан боп қирап

жатқан еді. Өңі-түсін айыра алмаған ол бір сәт сазарып

тұрып қалды. Көз алдындағы қирап жатқан тәңірлерінің

расында да быт-шыты шыққандығын аңғарды. Оның

есін жиюына себепші төрдегі үлкен пұт еді. Ол оны

кейіннен аңғарды. Төрдегі үлкен пұт «мыналарды мен

өлтірдім, ал маған не істей аласыңдар» деп мойнына

балта асына айбаттанып қарап тұрғандай. Есін жиған

ол сыртқа теңселіп әрең шықты да, жан даусымен айқай

салмақ болды. Алайда даусы қарлығып шықты. Сосын

ол өз көзіне өзі сенбей қайта ішке кірді. Барлығы бәз

баяғысындай. Бұл жолы: «Масқара! Масқара! Пұттар

қирады, пұттар!» – деп бар дауысымен айқайлады. Көп

ұзамай дауысты естіген адамдар жан-жақтан пұтханаға

жинала бастады. Әркім өзінше күбір-сыбырға көшті. Ә

дегенде бәрі де естерінжия алмады. Өйткені қысылғанда

демейтін, мұңайғанда жебейтін, жалбарынса жүректегі

бүкіл дертін емдейді деп ұққан тәңірлері табандарының

астында қирап жатыр еді. Бір кезде біреуі даусын

көтеріп:

Мұндай жауыздыққа қай жүрек жұтқан барып жүр?

Біздің жарылқаушы пұттарымызды қалай ғана дәті

барып қиратты екен?! деді. Сонда біреуі:

– Мұндай басбұзарлыққа бір-ақ адам бара алады.

Ол – Ибраһим деген жас жігіт, – деп жауап берді.

Бұны қасындағылар да мақұлдады. Иә, адасқан

елдің пұттары мен пұт саналы ойларын Хақ тағаладан

жіберілген елшілер ғана қирата алатын.

Олар көп ұзамай хазірет Ибраһимге адам жіберіп

пұтханаға шақырды. Хақ пайғамбар пұтханаға кірген-

де, онда бір топ адамның жиналып өзін күтіп тұрғанын